(
326
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әйеліне келіп:
– Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қызыңа құда түсем деп жатыр, - деді.
Жұбайы:
– Нендей ғажап! Бұл үлкен мәртебе ғой, - деп сүйінді. Ансарлық са-
хаба:
– Өзі үшін емес, Жұлайбибқа алып беремін деп жатыр, - деді.
Жұбайы:
– Жұлайбибқа ма? Жоқ! Уаллаһи, оған қызымды бермеймін, - деді.
Сахаба Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп, жағдайды баян етейін деп орнынан
тұрды. Мұны байқап қалған қызы:
– Маған кім құда түсіп жатыр, - деп сауал қойды.
Анасы жағдайды толығымен айтып, оны құлағдар етті. Қызы жұлып
алғандай:
– Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қалауын кері қайтарайын деп тұрсыңдар
ма? Мені Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) еркіне беріңдер. Ол маған жамандық
ойламайды, - деді.
Әкесі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:
– Қызымыздың еркін сізге бердік. Шешімді сіз беріңіз, - деп қызының
сөзін жеткізді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қызды Жұлайбибпен үйлендірді.
Біраз уақыт өткеннен кейін, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ғазауатқа
(майданға) аттанып кетті. Жеңіспен аяқталған бұл ғазауатта Аллаһ
Тағала Пайғамбарына (с.а.у.) көптеген олжа нәсіп етті. Елге қайтуға бел
буған шақта Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына қарап:
– Жолдастарың түгел ме? - деп сұрады. Барлығы бір ауыздан:
– Иә, түгел, - десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Көзіме Жұлайбиб түспей тұр. Оны тауып әкеліңдер, - деді.
Сахабалар оны іздеуге кірісті. Олар оны өзі өлтірген жеті кәпірдің
қасынан шәһит болған күйде тауып алды. Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мына жерде жатыр екен. Жеті кісіні өлтіріп,
өзі де шәһит болыпты, - десті. Аллаһ Елшісі оның қасына жақындап:
– Жеті кәпірді өлтірген екен. Ал олар шәһит етіпті. Ол менен, мен
оданмын, - деді. Соңғы сөйлемін екі-үш мәрте қайталағаннан кейін қабір
қазылуын әмір етті. Қабір қазылып біткеннен соң, денесін қолына алып
өзі жерледі».
Табиғин ұлықтарының бірі Сәбит әл-Бунани: «Ансар әйелдерінің
ішінде ең көп жақсылық, игілік жасайтын Жұлайбибтің жұбайы бола-
тын. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған: «Аллаһым! Мына әйелге мол