Previous Page  331 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 331 / 462 Next Page
Page Background

(

331

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

дүниеде берілген нығметтер, емтихан кезінде оқушыдан сұралатын сау-

алдар іспетті. Оқушы ешқашан осы сауалдар арқылы мақтануды мұрат

етпейді. Тек берген жауаптары арқылы алған ұпай санымен мақтанады.

Мүминдерге емтихан ретінде берілген нығметтер мен мүмкіндіктердің

сыйы ақыретте беріледі. Сондықтан олармен бұл дүниеде мақтанудың

ешбір пайдасы жоқ. Керісінше мұндай әрекет үлкен алдану болып табы-

лады.

Әйгілі ғалым Әбу Хазым: «Аллаһқа жақындауға себепші болмайтын

әрбір нығмет, бас пәлесі», - дейді.

ҒаламныңмақтанышыПайғамбарымыз (с.а.у.) әлемге рақымдылықты

таныту үшін жіберілді. Амалдың жоқтығынан өзінің артықшылықтарын

айтуға мәжбүр болған сәтте, әрбір сөзін «Мақтанудан аулақ» деген

сөзбен бастаған болатын.

Адамзаттың асылы, Аллаһтың сүйікті құлы Пайғамбарымыздың

өзі осылай деп жатса, Аллаһ Тағала нәсіп еткен нығметтерге мастанып,

өзгелерден өзін артықпын деп даңдайсуға кімнің батылы жете қояр

екен?!

ғ) Ешкімді ренжітпеу және ешкімнен ренжімеу

Кез келген мұсылман рақымды, сезімтал, нәзік сыпайы кісі болуға

күш салуы тиіс. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) танытқан және жақсы

көрген мүмин һәм барша жанға жылы шырай көрсетеді һәм өзгелер де

оған жылы шырай танытатын кісі болы табылады.

Хазірет Мәулана осы мағынаға жақын: «Өзгеге дертке шипа болар

балдай бол, мұңайтатын тікен болма», - дейді.

Хақиқи мүмин әуелі өзін жаратқан әрі алуан түрлі нығмет берген

Раббысын ренжітуден сақтануы қажет. Кейін Аллаһ Елшісінің (с.а.у.)

көңілін қалдырудан аулақ болуы керек. Өйткені Аллаһ Тағала Құран

Кәрімде былай деп ескерту жасайды:

«Күмәнсіз, Аллаһқа және Оның елшісіне тіл тигізгендерге, Аллаһ

лағнет етеді. Әрі

(Аллаһ)

оларға қорлаушы азап дайындайды»

(Ахзап

сүресі, 57-аят)

.

Яғни, кез келген мұсылман алдымен өз дінінің парыздарын мүлтіксіз

орындауы ләзім. Харамдардан ұзақ тұрып, Аллаһтың сүйген құлы болу

мәртебесіне қол жеткізу үшін көп еңбектенуі қажет-ақ. Кейін күллі

махлұқ атаулыны ренжітуден, көңілін қалдырудан, қайғыға салудан

сақтанғаны жөн.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұсылманды:

«(Хақиқи) Мұсылман, басқа мұсылмандардың оның тілінен және қолынан