(
333
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
да осыған жатады. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала былай дейді:
«
(Ал)
жетімге келер болсақ,
(ақысын жеп, зұлымдық етіп)
оны
қақпайлама!
(Сонымен қатар)
тіленшіге зекіме!»
(Дұха сүресі, 9-10 аяттар)
.
«Дінді
(яғни, қиямет пен қиямет күнгі есепті)
, жалған деп санап
жүргенді көрдің бе? Ол, жетімді қақпайлап,
(ақысын жеп, зұлымдық
жасайды)
. Сондай-ақ ол, өзге біреуді, міскінді тамақтандыруға
шақырмайды
(құлық танытпайды)
»
(Мағұн сүресі, 1-3 аяттар)
.
Демек, Аллаһ разылығын көздейтін болсақ жетім-жесірдің
мұқтаждығын өтеуге тырысуымыз қажет. Әдептен озбай, көмек
көрсеткеніміз абзал. Бұл жайлы Аллаһ Тағала құлдарына былай деп
ескерту жасайды:
«Уа, иман келтіргендер! Аллаһқа және ақырет күніне
иман келтірмеген күйде, дүние-мүлкін рия
(елге көрсету)
үшін сарп
еткен жан секілді,
(берген)
садақаларыңның
(құнын)
міндетсіну және
ренжіту арқылы жоймаңдар!»
(Бақара сүресі, 264-аят)
.
Аллаһтың кез келген құлын қор көру, оны ренжіту Аллаһ Тағаланы
ашуландырады. Сол себепті ұлы адамдар әрдайым біреуді ренжітуден
аттонын ала қашатын болған. Олар әрқашан оның Хақ Тағаламен байла-
нысы болатындығын жадынан шығармаған.
Хазірет Мәулана бұл жайлы былай дейді:
«Біреудің ренжіткен жанның Аллаһ Тағаланы ренжіткенінен хаба-
ры жоқ. Ол бұл жүректің, Хақ Тағаланың өзенінен су ішіп жүргендігін
қайдан білсін!».
«Сауатсыздығымыз, надандығымыздың кесірінен Хақ Тағаланың до-
старын ренжітуді шын пейілімізбен тілейтіндігімізді аңғара бермейміз».
«Пәлеге тап болу, үлкен дерт. Адамдар пәлеге тап болған кісіге жаны
ашиды. Алайда ақымақтық, өзін де өзгені де жаралайтын дерт болып та-
былады».
«Ақымақтар адамның қолынан шыққан мешітке құрмет көрсетеді. Ал
керісінше адамдардың ішкі жан сарайын жаралайтын әрекеттерді іске
асыру үшін қолдан келгенді істеп бағады».
Даңқы барша әлемге аян шайыр Жүніс Әміре біреуді ренжітудің
терістігін былай деп жеткізеді:
Көңілді құлазытқан болсаң,
Намазың босқа кетті.
Жетпіс екі ұлт болса да,
Беті қолын жумайтын жан жоқ сірә.
Тағы бір өлеңінде былай дейді: