(
338
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
–Мынакемеде бірдорба алтынжоғалды. Барлықкісіні тінтіпшықтық.
Алайда таба алмадық. Кезек сенде. Шапаныңды шеш. Ешкімнің сенде
күмәні қалмасын, - деді. Ал дәруіш:
– Уа, Раббым! Жазықсыз құлыңды кінәлі деп жатыр мыналар.
Шағымымды саған айтамын, - деп Хақ Тағалаға сыйынды.
Кемедегілер дәруішке көңілін қалдыратын мәміле жасады. Ол пәк
дәруіштің қожайыны, яғни Аллаһ Тағала оның ренжуіне разы бол-
май балықтардың су бетіне шығуын әмір етті. Көзді ашып жұмғанша
теңіздің беті шүпірлеген сансыз балыққа толып кетті. Балықтар судан
басын шығарып жатты. Әрбіреуінің аузында аса бағалы ірі інжу бар еді.
Нендей ғажап інжулер десеңізші! Адамның басы айналады көргенде!!!
Құндылығына баға жетпес бұл інжулерді Аллаһ Тағала шығарып жатқан
болатын. Ешбір жанның мүлкі емес еді бұл інжулер.
Дәруішбалықтардың аузынан бірнеше інжуді алып, кемеге лақтырды.
Өзі орнынан секіріп ауада орындыққа отырған жан секілді тұрып қалды.
Падишаһтардың тақта отырғаны тәрізді малдас құрып отырып алды.
Кеме оның алдында кетіп бара жатқан болатын. Кемедегілерге қарап:
– Сендер кете беріңдер! Кеме сендердікі, ал Аллаһ Тағала менікі
болсын. Ол мені ұрлық істедің деп айыптамайды. Яки қателіктерімді
тауып, жария еткен кісінің қолында қалдырмайды, - деп айқайлады.
Кемедегілер:
– Уа, ұлы құл! Саған мұндай мәртебені неге берді? - деп сұрады.
Дәруіш:
– Әулиелерге құрмет көрсеткендігім үшін алдым бұл мәртебені.
Пақырлар жайлы ешқашан жаман пікірде болмайтынмын. Нәзік әрі
дем алысы хош пақырлар бар ғой! Міне солардың мәртебесін ұлықтау
үшін «Абаса» сүресі түсті. Ол рдың пақырлығы дүниелік үшін емес
еді. Немесе дүниенің соңына түсу үшін емес болатын. Өйткені олардың
бұл дүниеде Аллаһ Тағаладан өзге нәрселері болмағандықтан, олар
пақырлықты артық көрді, - деп жауап берді.
Міне сондықтан ешкімді қор көрмеу керек. Ешбір жанның көңілін
қалдырып, ренжітпеу қажет. Өйткені Хақ Тағаланың әрбір құлына бе-
рер сыйы болады. Қарсы алдымызда тұрған кез келген кісіге нені сыйға
тартқандығын білмейміз. Бәлки білместік қылып, оған нашар мәміле
жасап, оны мұңға батыруымыз әбден мүмкін. Сондықтан ішкі жан
сарайымыздың нәзіктік пен жұмсақтыққа бой алдыртып, Аллаһтың
құлдарын ренжітуден сақтану әрдайым өзінің жемісін берері хақ.
***
Хазірет Сами мырза «Дәрул-фунунның» құқық факультетін жаңа