Previous Page  340 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 340 / 462 Next Page
Page Background

(

340

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

білдіреді.

186

Әсіресе оның балалық шағы мен қартайған шағында әлсіздік

айқын байқалады. Адам баласы өмірінің ортаңғы бөлігі болып табылатын

жастық пен қуатты шағына алданбауы қажет. Өйткені ол, келетіндігіне

күмән жоқ қартайған шақ үшін жақсылық пен игілік жасап қалар шақ.

Иә, адамның жастық шағы тез өтеді. Көптеген пенде ол шақтың еш

бітпейтіндігін, әрдайым күшті, қуатты күшінде қалатындығын ойлап,

ғапылдықтың иіріміне бет алады. Нәпсісін жеңіп, қуатты шағында

әлсіздердің жәрдеміне жүгірген әрбір жан, мұқтаждыққа тап болған

шақтарында көмек көреді. Олай болса, мүмкіндік бар кезде адамдарға

жәрдем етіп, сауап қазынасын толтыруға күш салу керек. Жәрдемдесу,

сонымен қатар қоғам ретінде өмір сүрудің алғы шарттарының бірі.

Адамдардың бір-біріне жәрдем етіп, жақсылық жасауда жарысулары

Аллаһ Тағала сүйетін ізгі іс. Сондай-ақ ислам бауырмалдығының негізін

қалайтын ерекше қасиет. Өйткені әлсіз бен мұқтаждардың көмегіне

жүгіру иманның кемелдігіне ишарат. Хақ Тағала былай деп әмір етеді:

«Жақсылық пен тақуалықта бір-біріңе жәрдем беріңдер! Ал күнә

мен дұшпандықта бір-біріңе жәрдемдеспеңдер!»

(Мәйда сүресі, 2-аят)

.

Мүминдер Аллаһтың әміріне бағынып, нәпсінің дегеніне көнуден

аулақ болуы үшін бір-біріне көмек қолын созулары тиіс. Бір-бірін

жақсылық жасауға итермелеп, игілік жолдарын ашып, салих амалдарды

іске асыру үшін бір-біріне насихат етуі қажет.

Ұзын сөздің қысқасы, о дүниенің игілігіне қол жеткізу жолында аян-

бай тер төгу қажет-ақ. Мүминдердің күнәда, Аллаһқа қарсы шығуда, яки

зұлымдық жасауда біреуге жәрдем етуі немесе себепкер болуы мүмкін

емес. Мақсаты бүлік шығару, дұшпандық жасау немесе адамдарға за-

рар беруді мұрат еткен жанға жәрдем ету имандылықпен түйіспейді.

Аллаһ Тағала ең пайдалы жәрдемдесудің ақиқат пен сабырды өсиет ету

екендігін, мұндай әрекетті жүзеге асырған жандардың ақыретте зиянға

ұшыраудан аман қалатындығын былай деп жеткізеді:

«Заманға серт. Еш күдіксіз адам баласы зиян ішінде. Бірақ иман

келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттеп, сабырды на-

сихат еткендердің жөні басқа

(Олар бұған кірмейді)

»

(Ғасыр сүресі, 1-3

аяттар)

.

АллаһЕлшісінің (с.а.у.) ұлық ахлағының бір көрінісі ретінде танылған

сипаты ол, Аллаһтың құлдарына жәрдем етуден үлкен ләззат ала-

тын. Пайғамбар болмастан бұрын да «Хилфул-фудул»

187

атты ұйымға

мүше болып, зұлымдыққа ұшыраған жандардың жәрдеміне жүгіретін.

Кейінірек пайғамбарлық міндеті жүктеліп, аманатты толықтай өтей ала-

186. Ниса сүресі, 28-аят.

187. Хилфул-фудул жайлы 249 беттен қараңыз.