(
345
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
береді»
(Бұхари, Мазалим 4, Икраһ 6; Тирмизи, Фитан 68)
.
***
Жұндұп ибн Жұнада (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Аллаһ Елшісінен (с.а.у.):
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Ең жақсы амал қандай? - деп сұрадым. Ол:
– Аллаһқа иман келтіру және Аллаһ жолында жиһад (күресу), - деп
жауап берді. Мен:
– Қандай тұтқынды яки құлды азат ету артығырақ? - деп сауал
қойдым. Ол:
– Қожайынының қасында ең құнды, әрі бағасы жоғары болғаны, - деп
жауап берді. Мен:
– Бұларды істей алмасам ше? - деп сұрадым. Ол:
– Бір іс істеп жатқанға жәрдем етесің! Яки ісін істей алмағанның ісін
істейсің! - деп жауап қатты. Мен:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Бұлардың ешбірін істей алмасам ше? - деп
сұрадым. Ол:
– Адамдарға зарар тигізбейсің! Бұл өз-өзіңе жақсылық жасау демек!
- деп жауап берді»
(Бұхари, Ғитқ 2; Мүслим, Иман 136)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір-біріне жәрдем етуде өзгелерге үлгі болған
Йемендік Ашғари руын былай деп мақтайды:
«Ашғарилар жорықта азықтары таусылуға айналғанда яки
Мәдинадағы жанұяларының азығы бітуге жақындағанда қолдарындағы
барша нәрсені бір алашаға жинайды. Кейін жиналған дүниені бір ыдыс
арқылы теңдей бөлісіп алады. Сол себепті Ашғарилар менен, мен де олар-
данмын»
(Бұхари, Ширкет 1; Мүслим, Фадайлус-Сахаба 167)
.
***
Хақ Тағала адамдарға көмек беруге кедергі болудың, діни және
ахлақи кемшіліктен туындайтынын тілге тиек етеді:
«Сондай намаз
оқушыларға нендей өкініш! Олар намазды рия үшін оқиды. Сондай-ақ
олар,
(күнделікті)
тұтыну заттарын
(қолдана тұруға)
тыйым салады»
(Мағұн сүресі, 4-7 аяттар)
.
Ардақты сахабалар болмашы болып көрінген кез келген көмектің
түріне өз үлестерін қосатын. Әрдайым бір-бірін инфақ етуге
шақыратын.
Ибн Масғұд (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Біз, Аллаһ Елшісінің көзі тірісінде (Мағұн сүресінде айтылған)