(
346
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қазан, шелек секілді заттарды өзгеге қолдануға беруді жәрдем қатарына
кіргізетінбіз»
(Әбу Дәуіт, Зекет 32/1657)
.
Яғни, сахабалар әрдайым бір-біріне көмек көрсететін. Әрі бір-бірін
мұқтаж жанға қол ұшын беруге шақыратын.
***
Бір тіленші Абдулла ибн Аббасқа келіп, бір нәрсе сұрайды. Абдулла
оған қарап:
– Аллаһтан өзге тәңір жоқ екендігіне, әрі Мұхаммедтің (с.а.у.)
Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік етесің бе? - деп сұрайды. Тіленші:
– Иә, - деп жауап береді.
– Рамазан оразасын ұстайсың ба?
– Иә!
Абдулла:
– Сен бір нәрсе сұрадың. Сұраушының сұрауға ақысы бар. Саған
жәрдем ету бізге міндет, - деп тіленшіге бір киім береді. Артынша
төмендегі мына хадис-шәріпті риуаят етеді:
«Кез келген мұсылман өзге мұсылманға бір киім кидірсе, әрі (берілген
киімнің қандай да бір бөлігі) бауырының үстінде жүргенше, (киім) берген
кісі Аллаһтың қорғауында болады»
(Тирмизи, Қиямет 41/2484)
.
***
Хазірет Әли (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Маған берілген екі нығмет бар. Қайсысының мені көбірек
сүйіндіретінін білмеймін.
Біріншісі, бір кісінің мұқтаждығымды өтейді-ау деген үмітпен маған
келіп, шын ықыласымен менен көмек сұрауы.
Ал, екіншісі Аллаһ Тағаланың ол кісінің мұқтаждығын өтеуді
мен арқылы іске асыруы яки жеңілдетуі болып табылады. Мен бір
мұсылманның қандай да бір мұқтаждығын өтеуді, дүние толы алтын мен
күмістен артық көремін!»
(Әли әл-Муттақи VI, 598/17094)
.
***
ИмамЖағфар Садықтан: «Аллаһ Тағала, өсім жеуді неге харам етті?»
- деп сұралған еді. Имам Жағфар: «Адамдар бір-бірлеріне жақсылық жа-
саудан мақұрым етпесін, бір-біріне көмек беруден қашпасын деген ой-
мен, харам етілді», - деп жауап берген болатын
(Әбу Нұғайм, Хиля III, 194)
.
Шынымен-ақ адамдар егер бір-бірлеріне өсім арқылы қарыз берсе,
араларында болуы қажет жәрдемдесу ұғымы жоғалып кетер еді.