(
352
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ілігуін кешіктіреді. Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) төмендегі мына хадисі соған
дәлел бола алады:
«Әрбір дүйсенбі және бейсенбі күні, амалдар Аллаһ Тағалаға
көрсетіледі. Дін бауырымен ренжіскен кісіден өзге Аллаһқа серік қоспаған
әрбір құлдың күнәсі кешіріледі. (Періштелерге): «Сендер мына екеуін бір-
бірімен татуласқанға дейін кешіктіріңдер»
, - деп айтылады
(Мүслим, Бирр
36; Әбу Дәуіт, Әдеп 47)
.
Жүректегі кекшілдікті, күңдеушілікті, дұшпандықты шығарып та-
стап, олардың орнына махаббат, мейірім, жақсы ой тәрізді сезімдерді
орнықтыру үшін нәпсінің тәзкияға (тазаруға), тәрбиеге ал жүректің
тасфияға (пәктеуге) мұқтаждығы бар. Бұларды іске асыратын ең дұрыс
әдіс – «тасаууф» тәрбиесі болып табылады.
Сонымен қатар ислам діні жеке тұлғалар ғана емес, халықтар ара-
сында жақсы қарым-қатынастың, бейбітшілік пен тыныштықтың бо-
луын қалайды. Сол себепті исламдағы әуелгі мақсат соғыс емес, негізгі
мақсат – бейбітшілік. Соғыс мақсат яки мұрат ретінде қабыл етілмейді.
Бейбітшілік пен тыныштықты бейбіт жолмен орнатуға еш мүмкіндік
тумаса, соғысу мәжбүрлігі тууы мүмкін. Бірақ мұсылмандар алдына
қойған мақсатын, соғыспастан іске асыру мүмкіндігі туып жатса міндетті
түрде соғысудан аулақ болады. Тіпті дұшпанмен кездескенде, мүмкіндік
туса ойланбастан бейбітшілікті қабыл етеді. Өйткені Аллаһ Тағала
Құран Кәрімде:
«Егер олар
(дұшпан)
бейбітшілікке ыңғайланса, сен де
бейбітшілікке бой ұрып, Аллаһқа тәуекел ет!»
- дейді.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Дұшпанмен кездесуді тілемеңдер!
Аллаһтан амандық сұраңдар! Бірақ егер олармен соғысуға мәжбүр
болсаңдар, сабырлы болыңдар! Тұрақтылық танытыңдар! Жәннаттың
қылыштардың көлеңкесінің астында екенін ұмытпаңдар»
, - дейді
(Бұхари,
Жиһад 112)
.
Әрине, бейбітшілік пен тыныштықтың мәңгі болуы мүмкін емес.
Уақыты келіп жеткенде қара ниетті адамдар пайда болып, бейбітшілік
пен тыныштық бұзылады. Оларға кедергі болар кісілер қажет болады.
Міне осындай кезге, әрдайым дайын болу керек.
Сол себепті мұсылман баласы кез келген салада күшті болуы ләзім.
Қолдағы мүмкіндіктерін адамдардың екі дүниелік бақыты үшін сарп етуі
қажет. Осылайша һәм қара ниетті адамдарға кедергі болады, һәм Аллаһ
Тағаланың разылыға қол жеткізеді.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үйінде отырып, мешіттен (пайғамбар
мешітінен) шығып жатқан шуды естіді. Кағб ибн Мәлік ибн Әбу Над-