(
354
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кіші қажылық жасауға бел байлап, сапарға
шықты. Бірақ мүшріктер кедергі болды. Олар мұсылмандарды Мек-
кеге кіргізгісі келмеді. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.)
Хұдайбияға келіп тоқтады. Сол жерден Құрайыш руына мынадай хат
жіберді:
«Біз ешкіммен соғысуға келмедік. Мақсатымыз Қағбаны зиярат ету,
кіші қажылық. Соғыстың Құрайышқа қатты зардабы тиді. Олар қаласа
арадағы соғысты тоқтатып, белгілі бір уақыт ішінде соғыспауға келісейік.
Міне осындай жағдайда олар, мені мен өзге адамдардың арасынан аулақ
болады. Егер мен, өзге адамдарды жеңсем, қаласа ел кіріп жатқан Ислам
дініне, олар да кірсін! Ал егер жеңіліс тапсам, (құрайыштықтар менімен
соғысудан құтылып) тыныштыққа қол жеткізеді.
Егер Құрайыш, бұл ұсынысымды қабыл етпесе, уаллаһи мен, осы дін
үшін басым кеудемнен жұлынғанша соғысамын. Аллаһ міндетті түрде
уәдесін орындайды» (Бұхари, Шурут 15).
Осыған қарамастан меккеліктер Қағбаны тауап етуге рұқсат бермеді.
Мұсылмандар мұңға батты. Олар соғысуға қарар берген болатын.
Мүшріктермен келіссөз жүргізіліп, келісім-шарт жасалды. Алайда Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) мұсылмандарға сабыр етуді, бір жыл күту керектігін өсиет
етті. Хұдайбияда жасалған осы келісім-шарттың үлкен «фатх» (жеңіс)
екендігін білдірді.
Мұны естіген сахабалардың бірі шыдай алмай: «Қағбаны тауаф ету-
ден қағылдық. Құрбанымыздың харамда (қағба мешітінде) союымызға
кедергі жасалды. Мұсылмандықты қабыл етіп, бізден пана сұраған екі
кісіні Аллаһ Елшісі кері қайтарып жіберді. Бұл қандай «фатх» өзі?» -
деді.
Осы сөздер Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жетті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл
келісім-шарттың шынымен-ақ ең үлкен «фатх» екендігін меңзеді. Ислам
дінінің сол күннен бастап, жылдам тарайтындығына ишарат етіп, былай
деді:
«Иә! Бұл келісім-шарт үлкен «фатх». Мүшріктер сендерге (келесі
жылы болса да) өз аймағына кіруге рұқсатберді. Қалаған істеріңді істеуге
разы болды. Келіп-кеткенде аман-есен болуларыңды мұрат етті. Олар
енді, осы күнге дейін жиреніп келген Исламды сендердің бойларыңнан көріп
үйренеді. Аллаһ сендерге жеңіс сыйлайды. Барған жерлеріңнен аман-есен
табысты ораласыңдар. Ал осындай фатх, фатхтардың ең үлкені (болып
табылады)»
.
194
***
194. Халеби, Инсанул-Ғуюн, Мысыр 1384-1964, ІІ 715; Әбу Дәуіт, Жихад 143-144/2736.