Previous Page  356 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 356 / 462 Next Page
Page Background

(

356

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

мұндай түсінік кез келген кісінің нендей ұлы тұлға екендігіне дәлел бола

алады.

***

Сағд ибн Муғаз бен Сағд ибн Убада ренжісіп қалған болатын.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды татуластыру үшін Сағд ибн Муғаздың

қолынан жетелеп, жанына тағыда басқа әустықтарды (ру көсемдерін)

алып Убаданың үйіне барды. Сол үйде біраз отырып әңгімелесті. Сағд

ибн Убада ас тарту етті. Барлығы дәмнен ауыз тиіп, тарқап кетті.

Біраз уақыт өткеннен кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Сағд ибн Убаданың

қолынан жетелеп, қасына тағыда басқа хазраждықтарды алып Сағд ибн

Муғаздың үйіне барды. Отырып, әңгіме дүкен құрды. Сағд ибн Муғаз ас

берді. Барлығы астан дәм татып, тарап кетті

(Уақиди II, 435)

.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларының ара-

сын жарастыру арқылы бізге адамдарды қалай татуластыру керектігін

үйретуде. Мұндай ғажап әдіс, шын пейілді көрген кез келген жанның

ынсапқа келіп, арадағы үзіліп кеткен сүйіспеншілік жібі қайта

жалғанады.

Мінекей кәміл мүмин де маңайындағы ренжісіп қалған адамдарды

осы пайғамбар әдісі арқылы татуластырып, олардың арасындағы қарым-

қатынасты қайта жандандыруы тиіс.

***

Әбубәкір (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Аллаһ Елшісін (с.а.у.) мінберде тұрғанын көрдім. Жанында

Хазірет Хасан бар екен. Халыққа бір, Хазірет Хасанға бір қарап: «Аллаһ

мына немерем арқылы (соғысуға келген) екі үлкен мұсылман әскерін

татуластырады», - деп айтып тұр екен»

(Бұхари, Мәнақиб 25, Фадайлул-Асхаб

22)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзінен кейінгі нәсілдің бейбітшілікпен тыныш

өмір сүруін қалайтын. Адамдардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін,

өз жанұясының мәртебесін құрбан етіп, мұсылмандардың осылай әрекет

етуіне ишарат еткен еді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Менен кейін пайғамбарлыққа лайық және

кәміл халифалық отыз болады»

, - деп айтқан болатын

(Әбу Дәуіт, Сүннет

8/4646; Ахмед V, 50, 220, 221)

.

Халифалық Хазірет Әлимен (р.а.) жиырма тоғыз жыл алты айға

толған еді. Алты ай Хазірет Хасан халифа болды. Ол мұсылмандардың

арасындағы қайшылық пен бүлікті тоқтату үшін Мұғауияға (р.а.) хат

жазды. Хатында мұсылмандардың бейбітшілігі мен тыныштығы үшін өз