Previous Page  351 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 351 / 462 Next Page
Page Background

(

351

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Ант-су ішкендіктен Аллаһтың

(есімін)

жақсылық жасауға, Одан

қорқуға, әрі адамдардың арасын жарастыруға кедергі етпеңдер! Аллаһ

кез келген нәрсені естуші, білуші»

(Бақара сүресі, 224-аят)

.

Хазірет Мұса (а.с.) Хақ Тағаламен сөйлесуге аттанарда, бауыры

Харунға мынадай өсиет айтқан болатын:

«Қауымымның ішінде менің орнымды сен бас! Оларды татуластыр!

Бүлікшілердің жолына түспе!»

(Ағраф сүресі, 142-аят)

.

Ислам діні, қоғамда бейбітшілік пен тыныштықтың орнауы-

на көптеген шара қолданған. Мысалы, мұсылмандардың бір-бірімен

сәлемдесуінің өзі бейбітшіліктің, амандықтың, достықтың нышаны.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһ құзырындағы ең

қадірлі, әрі оған ең жақын жан алдымен сәлем берген жан»

, - дейді

(Әбу

Дәуіт, Әдеп 132-133/5197; Тирмизи, Истизан 6)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) араздасып қалған екі кісіні татуластырудың

садақа ретінде қабыл етілетіндігін айтып өткен.

192

Сонымен қатар адам-

дарды татуластыру ниетімен жалған сөзді, хабарды жеткізген кісінің

өтірікші саналмайтындығына да тоқталған. Араздасқан екі кісіні татула-

стыру жолында, әрі күйеуінің әйеліне, әйелінің күйеуіне ақиқаттан тыс

нәрселерді айтуға рұқсат берген.

193

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сахабаларға қарап:

– Сендерге дәреже тұрғысынан ораза мен зекеттен артық амалды ай-

тайын ба? - деп сұрады. Сахабалар:

– Иә, айтыңыз уа, Аллаһ Елшісі! - десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Адамдарды татуластыру. Ал адамдардың арасын бұзу (діннің)

түбіне жетеді, - деді

(Әбу Дәуіт, Әдеп 50/4919)

.

Ұстараның шашты түбінен сыпырып алғаны секілді, адамдардың

арасын бұзу кісінің нанымын, сенімін бұзады. Яғни бұл өте жағымсыз

қылық. Сол себепті мүминдердің бір-бірімен ұзақ уақыт ренжісулеріне

тыйым салынған. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) осындай жағдайдың өзінде

сәлемдесуді өсиет етіп, былай дейді:

«Кез келген мүминге дін бауырын үш күннен артық тәрк етіп, ренжісуі

харам. Үш күн өтсе, онымен кездесіп сәлем берсін. Егер сәлемін алса, екеуі

де сауапқа ортақ болады. Ал егер сәлемін алмаса күнәға кіреді. Сәлем бер-

ген (осылайша) ренжісуден құтылады»

(Әбу Дәуіт, Әдеп 47/4912)

.

Аллаһ Тағала ренжіскен құлдарының арасын жөндеу үшін, бір-

бірімен татуласқанға дейін амалдарының қабыл етілуін және кешірімге

192. Бұхари, Сулх 11, Жихад 72,128; Мүслим, Зекет 56.

193. Бұхари, Сулх 2; Мүслим, Бирр 101.