(
350
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
пікірдің пайда болуына мұрындық болады. Міне бейбітшілік пен
тыныштық осылай дүниеге келеді.
Аталмыш мақсатты іске асыру үшін дін бауырларды сүю, оларға қол
ұшын беру, бірлік пен ынтымақ іспетті қасиеттердің молынан болуы істі
жеңілдете түседі. Жүректері бір жүрек ретінде соқпайтын қоғам, Хақ
Тағалаға деген құлшылығын ойдағыдай атқара алмайды. Мұны жады-
мызда тұтайық.
Аллаһ Тағала жер жүзінде бұзғыншылық пен қайшылықтың тууына
себепкер болатын жандарды сүймейді. Мұсылмандарға жер бетіндегі
бұзғыншылық пен бүліктің түбіне жетуді әмір етеді. Бейбітшілікті және
оны орнату жолында тер төккендерді мадақтап былай дейді:
«Олардың өзара күңкілдескендерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ
кімде-кім садақа беруді, яки игілікті немесе адамдардың арасын жа-
растыруды әмір етсе,
(оның жөні бөлек)
.
(Міне осыларды)
кімде-кім
Аллаһ разылығы үшін іске асырса, оған мол сауап береміз!»
(Ниса сүресі,
114-аят)
.
«Жарасу
(әрдайым)
жақсы»
(Ниса сүресі, 128-аят)
.
«Егер шынымен-ақ хақиқи мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқып,
араларыңды түзеңдер!
(Сонымен қатар)
Аллаһқа және оның
пайғамбарына мойынсұнып бағыныңдар!»
(Әнфал сүресі, 1-аят)
.
«Егермүминдерденекітопсоғысса,дереуараларынжарастырыңдар!
Ал егер екі жақтың бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, Аллаһтың әміріне
қайта мойынсұнғанша өктемдік жасаған топпен соғысыңдар! Егер
қайта мойынсұнып жатса, араларын әділдікпен жарастырыңдар!
Әділдіктен таймаңдар!
(Өйткені)
Аллаһ әділдіктен таймайтындарды
сүйеді»
(Хұжурат сүресі, 9-аят)
.
«Шын мәнінде мүминдер бір-біріне туыс
(қой)
.
(Сол себепті)
туыстарыңның арасын жарастырыңдар!»
(Хұжурат сүресі, 10-аят)
.
Бейбітшілік пен тыныштықтың маңыздылығы соншама, игілігі
мол Аллаһ Тағала адамдарға кешірімшілдік танытып, бейбітшілік пен
тыныштықты қамтамасыз еткен жандардың сыйын өзі беретіндігін
білдіреді:
«
(Кез келген)
жамандықтың жазасы, оған тең келер жамандық. Ал
кімде-кім
(өзгенің қателігін)
кешіріп, бейбітшілікті қамтамасыз етсе,
оның сыйын Аллаһ береді. Шүбәсіз Ол, залымдарды сүймейді»
(Шура
сүресі, 40-аят)
.
Ұлы Раббымыз адамдарды татуластыру жолында кедергі болар ешбір
желеуді қабыл етпейді. Бұл жайлы мүминдерге былай деп ескерту жа-
сайды: