Previous Page  347 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 347 / 462 Next Page
Page Background

(

347

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Имам Ағзам Әбу Ханифа әділетті, турашыл әрі біреуге қол ұшын

беруді жақсы көретін саудагер еді. Сатып алушы пақыр яки досы бол-

са, тауарды өз бағасына сататын. Тіпті тапқан пайдасын сатып алушыға

беретін күндері де болатын.

Бір жолы бір кәрі әйел келіп:

– Мен пақыр жанмын! Мына киімді өз бағасына маған сатасың ба? -

деп қолқа салады. Әбу Ханифа:

–Жарайды! Төрт дирһам бер де, ала бер! - дейді. Әйел киім бағасының

өте төмен екендігіне таң қалып:

– Мен, жасы ұлғайған жанмын. Менімен әзілдесіп тұрсың ба? - дейді.

Әбу Ханифа:

– Жоқ! Әзілдесіп тұрғаным жоқ. Мен бұл киімнің түрінен екеуін са-

тып алған едім. Біреуін екеуін сатып алған ақшаға, төрт дирһам кемге

саттым. Яғни, мына киім маған төрт дирһамға қалды. Мұны сен ал, - деп

жауап береді.

Бір жолы достарының бірі келіп:

– Маған осындай сапада, осындай түсте бір киімдік мата керек еді, -

дейді. Имам:

– Біраз күте тұр! Ол матаның бағасы түссе, саған алып қоямын! -

дейді.

Бір апта өтпестен, әлгі сипаттағы мата келіп түседі. Досы жол-

жөнекей Әбу Ханифаға соғады. Имам:

– Сенің сұранысыңды дайындап қойдық! - дейді. Ол:

– Қанша болды? - деп сұрайды. Имам:

– Бір дирхамға, - деп жауап береді. Досы:

– Сені менімен қалжыңдасар деп ойламаушы едім, - дейді. Имам:

– Жоқ! Қалжыңдасып тұрғаным жоқ. Мен, жиырма динар және бір

дирһамға екі киім сатып алған болатынмын. Біреуін жиырма динарға

саттым. Ал мынау маған бір дирһамға түсті, - дейді

191

.

***

Әйгілі ғалым Яқуб ибн Шайба былай деп әңгімелейді:

«Бір адамның жүз динары бар болатын. Құрбан мерекесі жақындап

қалғанда, достарының бірі хат жазады.

Ол хатта: «Мерекенің келуі жақындап қалды. Бірақ қолымда

191. Хатиб Бағдади, Тариху Бағдад, Бейрут, Дарул-Кутубул-Араби ХІІІ, 362; Әбу Заһра

34-35.