Previous Page  353 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 353 / 462 Next Page
Page Background

(

353

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

рад атты кісіден қарызын сұрапты. Шу содан туған екен. Үмбетінің

қиыншылықта өмір сүруіне қатты қынжылған Пайғамбарымыз (с.а.у.)

бөлмесінің есіктегі пердесін ашып:

– Кағб! - деп айқайлады. Кағб (р.а.):

– Қандай бұйрығың бар? Уа, Аллаһтың Еліші! - деп оған қарай бет

бұрды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған қолымен қарызыңның жартысын

кеш деп, ишарат етті. Мұны көрген Кағб (р.а.) дереу:

– Жартысын кештім. Аллаһтың Елшісі, - деді. Бұл әрекетке дән риза

болған Пайғамбарымыз (с.а.у.) ибн Әбу Хадрадқа қарап:

– Тұр орныңнан! Қалған қарызыңды өте, - деді

(Бұхари, Салат 71, 83;

Мүслим, Мусақат 20)

.

***

Амра бинти Абдуррахман былай деп әңгімелейді:

«Бір кісі бір баудың жемісін көтерме бағамен сатып алды. Жемісті

жинап өлшегенде, ойлағаннан аз шықты. Кісі баудың иесіне келіп,

жетпей қалған мөлшерді есептеп, оны жалпы есептен шегеруін немесе

келісім-шарттан бас тартуын талап етті. Бірақ бау иесі ұсыныстардың

ешбірін қабыл етпеуге ант ішті.

ұны естіген саудагердің анасы

Пайғамбарымызға келіп жағдайды баян етті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Ол

кісі, жақсылық жасамауға ант еткен екен», - деді.

Бұл сөзді естіген бау иесі ғаламның мақтанышы Пайғамбарымызға

(с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Оның ұсынысын қабыл етемін», -

деді

(Муатта, Буюғ 15; Бұхари, Сулх 10; Мүслим, Мусақат 19)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Бәдірде құрайыштықтармен кездескенде,

елшілер жіберіп бейбітшілік келісім-шартын ұсынды. Өйткені ол

ешқашан соғысты қаламайтын. Бейбітшіліктің әрдайым қайырлы

екендігін тілге тиек ететін. Ол Хазірет Омарды (р.а.) құрайыштықтарға

елші етіп жіберіп: «Кері қайтыңдар! Сендерден басқа біреумен соғысу

маған әлдеқайда жақсырақ», - деп сәлем айтып жіберді.

Мұны естіген Хаким ибн Хизам: «Бұл ынсаптылық. Оны дереу қабыл

етіңдер. Уаллаһи, бұдан кейін сендерге мұнан артық ұсыныс келмейді»,

- деді.

Ал Әбу Жәһил: «Ант етемін, Аллаһ бізге мұндай сәтті бергенде,

өшімізді алмастан кері қайтпаймыз. Оларға өз орындарын білдіреміз», -

деп мүшріктерді соғысқа айдап салды.

***