(
358
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мен қатар жеккөрушіліктен сақтаныңдар. Өйткені жеккөрушілік (діни
сезімдерді және көркем ахлақты) құртады, - деді
(Муатта, Хуснул-Хулқ 7)
.
***
Қысқасы, Аллаһ Тағаланың әмірлеріне бас иіп, Пайғамбардың жолын
ұстанған жанда бейбітшілік пен тыныштық орнайтын қоғам құрайды.
Адамзат тарихы бұған куә. Мысалы, Стамбул елшілігінде қызмет
атқарған, мұсылмандар мен түріктердің қас дұшпаны Сэр Джеймс Пор-
тер Осман империясының қоғамы жайында былай дейді:
«Осман империясында қарақшылық, алдап-арбаушылық, ұрлық
секілді оқиғалар тіпті жоқ десе болады. Соғыс жағдайы яки соғыстан
тыс уақыт болсын жолдар мен үйлер қауіпсіздігі толықтай сақталады.
Әсіресе үлкен даңғылдар арқылы Осман империясын кез келген шақта
түгелдей аралап шығу мүмкіндігіңіз бар. Жолаушыларға, саяхатшыларға
лық толы осы мемлекетте қылмыстың аз болуы еріксіз таңданысыңызды
арттырады. Ұзақ жылдар бойы оқта-текте қылмыс болып тұрады».
Міне осындай деңгейге Осман империясы тек Ислам діні арқылы
қол жеткізді. Демек, Ислам діні адамзат баласына екі дүниенің бақытын
тарту етеді. Оның әмірлеріне бас иген кез келген қоғам бейбітшілік пен
тыныштықтың қадірін біледі.
Ұлық Раббымыз Құран Кәрімде былай дейді:
«Уа, иман келтіргендер!
Исламға бүтіндей
(түгелдей)
кіріңдер! Шайтанның ізіне ермеңдер!
Өйткені ол сендерге, қас дұшпан»
(Бақара сүресі, 208-аят)
.
6. Бірлік пен ынтымақтастықты сақтау
Ислам діні мүминдерді тек жеке тұлға ретінде кемелдендіріп, дамы-
тумен қалып қоймай қоғамның тыныштығын, амандығын қамтамасыз
ететін ұлы ұстанымдар сыйлаған. Қоғам мүшелерінің арасындағы
қарым-қатынасты дін бауырластығы шаңырағының астында махаббат-
пен жүзеге асуын әмір етеді. Сонымен қатар қоғамның әрбір мүшесін
көпшіл, халықшыл болуға шақырып, қоғамның бір денедей болып
қалыптасуына үлесін қосады. Мұны өз басынан кешірген қоғамдар
бірлік пен ынтымақтың рухымен ұлықтанып, барша адамзатқа өнеге бо-
лар «ізгілікке толы ғұмыр кешу» идеясын ұсына алады.
Қоғамдағы ең үлкен қауіп пікір қайшылықтары, жік-жікке
бөлінушілік, бір-біріне бас имеуден туатын анархия болып табылады.
Әрбір мұсылманның бүліктен құтылып, пікір қайшылықтарына түспеуі
үшін қарабайыр қалауы мен нәпсінің кедергісін бұзатын кәміл пікірге,
бауырмалдық сезімге бой алдыруы қажет. Бұл Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) сүннеті және хулафа-рашидиннің жолын ұстану арқылы жүзеге
асады.