(
359
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Барлығың бірдей Аллаһтың жібіне
(дініне)
жабысыңдар!
Бөлінбеңдер! Сондай-ақ Аллаһтың сендерге нәсіп еткен нығметін
еске алыңдар!
(Өйткені)
сендер бір-бірлеріңе дұшпан жандар едіңдер!
(Бірақ)
Аллаһ жүректеріңді біріктіріп, соның саясында бір-бірлеріңе
бауыр болдыңдар!»
(Әли-Имран сүресі, 103-аят).
«
(Уа, иман келтіргендер!)
Аллаһқа және Оның Елшісіне бас иіп,
бағыныңдар! Сондай-ақ бір-бірлеріңмен жанжалдаспаңдар!
(Олай
істер болсаңдар)
үрейленіп, күш-қуаттарың азаяды. Сонымен қатар,
сабыр етіңдер!
(Өйткені)
Аллаһ сабырлы жандармен бірге болады»
(Әнфал сүресі, 46-аят)
.
Ұлы Раббымыз мүминдерді бір жүрек тәрізді бірлік пен
ынтымақтың туының астында болуын әмір етеді. Бұл мәселені бұрынғы
пайғамбарларға да уахи етуі,
199
адамзат баласының әрдайым бөлінуге
құштар тұратындығын, әрі бөлінудің қоғамдағы өмір үшін үлкен қауіпті
екендігін көрсетеді.
Нәпсі мен шайтан адамзат баласының ашқарақтық, күншілдік,
пайдакүнемдік тәрізді жағымсыз сезімдерін күшейтіп, адамдардың
арасын бұзуға тырысады. Бұл екі ата жауымыздың қолындағы
бөлінушілікке бастайтын құралы һәм күшті һәм залалы мол. Сондықтан
мұсылмандар ешқашан бауырмалдық сезімдерін жоймай, бөлінушілікке
жол бермеулері қажет. Өйткені бейбіт, тыныш өмір сүру мүмкіндігі бола
тұра қайшылыққа түсіп, түсініспеушілікке жол беру мүминнің ішкі жан
дүниесіне кереғар дүние.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Мүминнің мүминге деген жағдайы бір-бірінен
ажырамай нығыздап ұстап тұратын ғимараттар секілді»
, - деп мұны
түсіндіру үшін екі қолының саусақтарын бір-бірінің арасына қосып
ұстап көрсеткен
(Бұхари, Салат 88, Мазалим 5; Мүслим, Бирр 65)
.
Сондай-ақ басқа да хадис-шәріптерінде былай дейді:
«Сендерге бірлік пен ынтымақта болуды, бөлінуден сақтануды наси-
хат етемін. Өйткені шайтан жалғыз кісімен бірге, ал екі кісіден аулақ бо-
лады. Жәннаттың дәл ортасында болуды қалаған жан, мұсылмандардан
айрылмасын»
(Тирмизи, Фитан 7/2165; Ахмед I, 26, V, 370-371)
.
«Мүминдердің бір-біріне деген сүйіспеншілікте, бір-біріне деген
жанашырлықта және бір-бірін қорғауда бір денеге ұқсайды. Дененің
кез келген ағзасы ауырғанда, өзге ағзалар да ұйқысыздыққа тап болады.
Қызуы көтеріледі»
(Бұхари, Әдеп 27; Мүслим, Бирр 66)
.
199. Шура сүресі, 13-аят.