Previous Page  360 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 360 / 462 Next Page
Page Background

(

360

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бірлік пен ынтымаққа қандай да бір сызат түспеу

үшін қоғамдағы мұнафықтарды (екіжүзділерді) біліп тұрып олардың ат-

тарын Хұзайфадан (р.а.) өзге ешкімге айтпаған. Оларға өмір бойы жақсы

мәміле жасап отырған. Күллі машақаттарына шыдай білген. Тіпті Аллаһ

Елшісініңуәзірі ХазіретОмардың (р.а.) өзі мұнафықтардыңкімекендігін

білмейтін. Ол біреу қайтыс болса өмір бойы Хазірет Хұзайфаны аңдып

өткен. Егер Хұзайфа дүние салған кісінің жаназа намазына қатыспаса,

оның мұнафықтардан екендігін аңғарып өзі де қатыспайтын.

Сонымен қатар мұсылмандардың күнде бес уақыт жамағаттармен

намаз оқуы арамыздағы қарым-қатынастың беріктігін, мықтылығын

көрсетері хақ. Аллаһ Тағала намаз, қажылық, зекет, құрбандық секілді

құлшылықтарда мұсылмандарды рухани тұрғыдан ынтымақта болуға

дайындайды.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«Намазды толық оқыңдар!

Зекетті толығымен өтеңдер! Әрі Аллаһқа рұкуғ еткендермен

(тізе

бүккендермен)

бірге, рұкуғ етіңдер!»

(Бақара сүресі, 43-аят)

.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үмбетінің бірлігі мен ынтымағын намаз саптары-

нан бастаған болатын. Бұл жайында төмендегі мына хадис-шәріптерде

айтылады.

«Саптарыңды түзу ұстаңдар. Бірің алда, бірің артта тұрмаңдар.

Өйткені жүректерің бір-бірінен алшақтай түседі»

(Мүслим, Салат 122)

.

«Саптарыңды түзу ұстаңдар. Иықтарыңды бір сызыққа келтіріңдер.

Арадағы қашықтықты қысқартыңдар. Сапты түзеу үшін қолдарыңнан

тартқан бауырларыңа жұмсақтық танытыңдар. Араларыңда шай-

тан кіретін бос орын қалдырмаңдар. Аллаһ саптарын иін тіресе

ұстағандардың көңілін хош етеді. Саптарын иін тіресе ұстамағандарға

Аллаһ нығметтерін нәсіп етпейді»

(Әбу Дәуіт, Салат 93/666)

.

Намазда саптар иін тіресіп түзу тұрмаса мүминдер арасындағы гар-

мония, низам, бірлік және ынтымақ жоғалады. Жүректер мен көңілдер

жібі үзілген тәспінің тастатары іспетті жан-жаққа шашылып кетеді. Ал

низамға, тәртіпке бағынып, намазда түзу саптартүзегенмүминдердің ішкі

жан дүниесінде рухани тұрғыдан күш пайда болады. Дұшпандарының

жүрегіне қорқу салады.

Хазірет Мәулана (р.а.): «Адамдармен дос бол! Өйткені керуендегі

адамдардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қарақшылардың көзін

құртады», - дейді.

Бір еуропалық елші Венгрияда жұма намаз оқу үшін тоқтаған Осман

империясының әскерін көреді. Олардың шын пейілімен жұма намазын

оқып жатқандығын байқап, қайран қалып: «Түп-түзу саптар түзеген елу

мың кісі имамның бір сөзімен қол байлайды. Барлығы бір денеге айна-