Previous Page  361 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 361 / 462 Next Page
Page Background

(

361

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

лады. Артынша тек бір-ақ сөзбен елу мың кісі бірден Аллаһқа сәжде жа-

сайды. Мынадай орасан зор көпшілікке бейшара христиан әскері қалай

қарсы шыға алсын?» - деп айтқан екен.

200

АллаһТағалабылайдейді:

«КүмәнсізАллаһ, өзжолында

(кірпіштері)

берік қаланған ғимарат секілді сап түзеп соғысқандардыжақсыкөреді»

(Саф сүресі, 4-аят)

.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқанына сүйенсек, мүминдердің

Аллаһтың дінін қатты ұстанып, бір-бірінен ажырамаулары Аллаһты

разы етеді екен.

201

Сонымен қатар бір кісінің мұсылман жамағатында бо-

луы, оның ішкі жан дүниесінің таза, пәк екендігін көрсетеді.

202

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ислам жамағатынан ұзақтап, қоғамнан бөлек

өмір сүріп өлуді, «мұсылманша өмір сүрмей басы бос, уақыт өткізіп өлген

қарабайыр надан дәуірдің адамының» халіне ұқсатқан

(Мүслим, Имара 53,

54; Ахмед II, 306, 488)

.

Мұсылмандар бірлік пен ынтымақтан аулақ тұрып, бір-бірінен

ажырап қалса Аллаһтың сүйіспеншілігінен мақұрым болады. Әрі күш-

қуаттарын жоғалтып, күйзеліске ұшырайды. Мұның қазіргі таңда мыса-

лы көп.

Ұзын сөздің қысқасы, «Жамағат дегеніміз – мейірімділік, ал

бөлінушілік – азап», - деген хадис шәріп сөзімізді түйіндей түсері хақ

(Ахмед IV, 278, 375; Хайсами V, 217)

.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Ирбаз ибн Сария (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге қатты әсер еткен насихат айтты. Осы

насихаттың арқасында жүрегіміз жібіп, көзіміз жасқа толды. Біз оған:

–Уа, АллаһтыңЕлшісі!Мына насихат, бақилық болар кісінің өсиетіне

ұқсайды. Бізге қандай өсиет айтасың? - дестік. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Сендерге, Аллаһтан қорқуды, оған тағзым жасауды, бастарыңа

тіпті бір «хабаши» (эфиопиялық) құл басшы болса да, дегеніне құлақ

асып бағынуды өсиет етемін. Менен кейін ғұмыр кешкендер көптеген

қайшылықтарға (ихтилафқа) тап болады. (Сол кезде) сендер менің

сүннетіме және Хулафа-Рашидиннің сүннетіне жабысыңдар (соған сай

әрекет етіңдер)! Бұл сүннеттерді уыстарыңнан шығармаңдар! Кейіннен

пайда болатын бидғаттардан аулақ болыңдар! Өйткені кез келген

200. Ахмед Ерсөз, Егитимде депремли йыллар, Станбул 1993, 70-бет.

201. Мүслим, Ақдия 10.

202. Тирмизи, Ілім 7/2658; ибн Мәжә, Муқаддима 8.