Previous Page  367 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 367 / 462 Next Page
Page Background

(

367

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өзінен ақыл сұрап келгендерге дұрыс бағыт бермегендерді:

«Кімде-кімге

мұсылман бауыры келіп бір мәселе жайында ақылдасып, ол оған жаңылыс

жолды көрсетсе оған қиянат еткен болып табылады»

, - деп ескертеді

(Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад №259)

.

Яғни ақыл сұралатын кісінің кез келген мәселе жайындағы біліктілігі

жеткіліксіз. Оның бойында көркем ахлақ болуы керек. Сонымен қатар

алуан түрлі рухани аурудан аман болуы қажет. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Ақыл сұралатын кісі, сенімді жан болуы ләзім»

(дұрысты жасырып, до-

сына қиянат етпеуі керек), - дейді

(Тирмизи, Әдеп 57/2822)

.

Ал Хазірет Омар (р.а.): «Істерің жайында Аллаһтан қорқатын жан-

дармен ақылдасыңдар», - дейді

(Ибн Әбу Шәйба, Мусаннаф VIII, 147)

.

Перғауынның ақылдасдастар мәжілісі пайдакүнемділік пен

бүлікшіліктің соңынанжүретін кісілерден құралғандықтан ақылдасудың

нәтижесінде Хазірет Мұсамен (а.с.) күресу шешімі қабылданған еді.

207

Бұл теріс шешім перғауынның мәңгі бақытсыз болуына септігін тигізді.

Жәрдем берсем пақыр болып қаламын деп қорқатын сараң, кейбір

істерде адамның жігерін құртатын қорқақ, зұлымдыққа жаны құмар за-

лым ақылдастар кеңесіне мүше болмауы қажет.

Құтадғу Білік атты еңбекте: «Ей, дос! Тек өзінің пайдасын ойлайтын

жанмен ақылдаспа», - деген насихат кездеседі.

Сахабалар ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздан (с.а.у.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Құран Кәрімнен яки сүннеттен шешімін таба

алмаған мәселеге тап болсақ, не істейік, - деп сұраған болатын. Сонда

ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Ол жайлы фақиһтерден (шариғат мәселелерін терең білетіндер)

және ғабитдерден (құлшылыққа берік жандар) сұраңдар. Олармен

ақылдасыңдар. Ол мәселе жайында жеке пікірлеріңмен амал етпеңдер

(іске асырмаңдар), - деп жауап берді

(Хайсами I, 178)

.

Олай болса, һәм діни һәм дүниелік істерде лайықты кісілермен

ақылдасу, ең дұрыс шешім екен бауырлар!

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Бәдір ғазауатына аттанбастан бұрын

Мұһажирлермен және Ансармен ақылдасты. Соғысыуға шешім

қабылданды. Мұжаһидтермен бірге Бәдірге ең жақын судың басына

келгенде штабтың қай жерге орналасуы жайында Ансармен ақылдасты.

207. Шуғара сүресі, 35-37 аяттар.