(
371
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
8. Орта жолды ұстану
Ислам діні, діни және дүниелік істерде шектен шықпай орта жол-
ды ұстануға шақырады. Кез келген нәрсені дұрыс істеуді насихат етеді.
Өйткені ислам дінінің мақсаты, адамзат баласына көңіл тыныштығын
және рухани кемелденуді ұсынып, жақсы ғұмыр кешуіне мүмкіндік та-
ныту болып табылады.
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Осылайша сендерді
(шектен шығу мен
кемшілік атаулыдан арылған)
орташа үмбет еттік!»
(Бақара сүресі, 143-аят)
.
Орта жолды ұстану дегеніміз, кез келген нәрсенің бұзылмай
сақталуын қамтамасыз ететін тепе-теңдікті ұстап тұру дегенге саяды.
Ұлық Раббымыз барша ғаламды керемет тепе-теңдік ішінде жаратты.
Құран Кәрімдегі әмірлер сол тепе-теңдікті ұстап тұруға үлкен септігін
тигізеді. Сондықтан өмірде орта жолды ұстанудың ең дұрыс әдісі Аллаһ
Тағаланың әмірлеріне мойынсұну болып табылады. Аллаһ Тағала негізін
қалаған қағидалар бұзылған күнде ғұмыр кешу қағидасы машақатқа ай-
налып бассыздық кең етек алады.
Бұған Құран Кәрімдегі мына аят айғақ бола алады:
«Ол аспанды көтеріп, тепе-теңдік орнатты. Олай болса, шектен
шығып тепе-теңдікті бұзбаңдар!»
(Рахман сүресі, 7-8 аяттар)
.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде былай
дейді:
«Істердің ең қайырлысы, орта жолдан шықпағаны»
(Бәйһақи, Шұғабул-
Иман V, 261)
.
«Орта жолды ұстаныңдар! Амалдарыңды кемелдендіруге, Аллаһқа
жақын болуға күш салыңдар! Таңертең және түс пен ақшамның арасын-
да жұмыс істеңдер! Түннің бір бөлігінен де пайдаланыңдар!
208
Алдарыңа
мақсатқа жету үшін, асығып-аптықпаңдар!»
(Бұхари, Риқақ 18)
.
«Орта жолды ұстану, асығып-аптықпау, хал мен жүрісте шектен
шықпау, пайғамбарлықтың жиырма төрт бөлігінің бір бөлігі»
(Әбу Дәуіт,
Әдеп 2/4776; Тирмизи, Бирр 66/2010; Муатта, Шағар 17)
.
Жоғарыда айтылған аят пен хадистерден діни және дүниелік істерде
шектен шықпау деген мағына шығады. Аллаһ және Оның Елшісі негізін
қалаған қағидалар өмірде жүзеге асып жатса, қоғамда тыныштықтың ор-
найтыны сөзсіз. Өйткені кез келген нәрсенің өміршеңдігін орта жолды
ұстану қамтамасыз етеді. Бұл жайлы Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
«Сөз бен іс-әрекеттерінде шектен шыққандар құрып кетті»
(Мүслим,
Білім 7)
.
208. Бұл жерде Мекке мен Мәдинаның климатына сәйкес жұмыс істеуді меңзеп отыр.