(
377
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Айына бір хатым түсір,
- деді. Мен оған:
– Мұнан артығына шамам жетеді, - дедім. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Олай болса, жиырма күнде бір хатым түсір,
- деді. Мен оған:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Бұдан артық жасауға күшім жетеді, - дедім.
Ол маған:
– Олай болса, он күнде бір хатым түсір,
- деді. Мен қайтадан:
– Мұнан артығына шамам жетеді, - дедім. Ол маған қарап:
– Олай болса, жеті күнде бір хатым түсір. Мұнан жоғары шықпа,
-
деді.
Сөйтсем мен арттырған сайын, залалы өзімен тиеді екен.
Пайғамбарымыз(с.а.у.)маған:
«Сөзжоқ,сенмұныбілмейсің.Бәлкиғұмырың
ұзақ болар»
, - деді. Расында да айтқаны тура келді. Қартайғанымда Аллаһ
Елшісінің айтқанын неге қабыл етпедім деп өкіндім».
Абдулла ибн Амр жасы ұлғайып қартайған шағында: «Әттең Аллаһ
Елшісінің (с.а.у.) рұқсатын (айтқан өсиетін) қабыл етсемші», - деуші
еді. Түнде оқитын Құран Кәрімнің жетіден бір бөлігін күндіз жанұя
мүшелерінің біріне оқып беретін. Күш-қуатын жинап алу үшін бірнеше
күн ораза ұстамайтын. Кейін ораза ұстамаған күндерін санап, Аллаһ
Елшісіне (с.а.у.) берген сөзінде тұру үшін тұтпаған күндерінің қазасын
өтейтін
(Бұхари, Саум 55, 56, 57, Тәһажжуд 7, Әнбия 37, Неке 89; Мүслим, Сиям 181-
193)
.
Демек құлшылықтарымызды көңіліміз жай табуы үшін Аллаһ
Тағаланың нәсіп еткен жан саулығы мен тән саулығын өз орнымен
қолдануымыз қажет.
Құл, күш-қуаты бар шағында нәпіл құлшылығын тұрақты түрде
жасаса, сапардың қиын сәттерінде, сырқаттанғанда яки жасы ұлғайып
шамасы жетпей қалғанда ұлы Раббымыз сол нәпіл құлшылықтың сауа-
бын оған береді. Мұндай мағынаны мұфассирлер төмендегі мына аяттан
шығарған.
«Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендердің
(жөні бөлек)
. Оларға
үзілмес, таусылмас сый бар»
(Тин сүресі, 6-аят)
.
Аллаһ Елшісі де (с.а.у.) бұл жайлы хадистерінде былай дейді:
«Құл, сапарға шықса яки сырқаттанып қалса, Аллаһ оған мұқим
(тұрақтылықты) кезінде және дені сау шақтағы жасаған амалдарының
сауабын береді»
(Бұхари, Жиһад 134; Ахмед IV, 410, 418)
.
«Түнде намаз оқуды дағдыға айналдырған жан, ұйықтап қалып,
тәһажжуд намазын оқымаса, Аллаһ оған тәһажжуд намазының сауабын
жазады. Ұйықтауы да өзі үшін садақа»
(Муатта, Салатул-ләйл 1)
.