Previous Page  378 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 378 / 462 Next Page
Page Background

(

378

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бір күні сахабалардың бәз біреулері қадірлі аналарымызға келіп,

Аллаһ Елшісінің құлшылығын сұрастырады. Олар өз көрген-білгендері

бойынша жеткізеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) орта жолдан (шектен)

шықпай жасаған құлшылығын аз көрген бұл сахабалар:

– Аллаһ Елшісі қайда? Біз қайда? Оның барша күнәсы кешірілген

ғой, - деседі. Араларындағы біреу:

− Мен өмірімнің соңына дейін, түнді намаз оқумен өткіземін, - дейді.

Екіншісі:

− Мен де ғұмырымның соңына дейін ораза ұстаймын. Оразасыз күн

өткізбеймін, - дейді. Үшінші сахаба:

−Менде кеудемдежанымбарда, әйелдерден аулақ тұрамын. Үйленбей

өтемін, - деп уәде береді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Пайғамбарымыз

(с.а.у.) оларға келіп былай дейді:

«Осылай, осылай деген сендер ме? Сендерге ескертіп қояйын! Аллаһқа

ант етейін араларыңдағы Аллаһтан ең қатты қорқатын, әрі оған ең

үлкен құрмет көрсететін менмін! Бірақ мен кейде ораза ұстаймын. Кей-

де ұстамаймын. Түнде һәм намаз оқып, һәм ұйықтаймын. Әйелдерге де

үйленемін. Менің сүннетімнен бас тартқан жан, менен емес»

(Бұхари, Неке

1)

.

***

БіркүніАллаһЕлшісі (с.а.у.)сахабаларынақияметжайлыәңгімелейді.

Олар қатты әсерленіп, көз жасына ерік береді. Артынша араларынан он

кісі Осман ибн Мағзұнның үйіне жиналады. Олардың арасында Хазірет

Әбубәкір (р.а.) және Хазірет Әли (р.а.) бар болатын. Өзара мәжіліс

құрып, нәтижесінде бұдан былай дүниеден безуге, өз-өздерін піштіруге,

күндізді оразамен, түнді құлшылықпен өткізуге, ет жемеуге, әйелдермен

қарым-қатынасты азайтуға, хош иісті әтір қолданбауға, жер-жүзінде сая-

хат жасамауға шешім қабылдайды.

Бұл шешім, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жетеді. Дереу Осман ибн

Мағзұнның үйіне бет алады. Бірақ оны үйінен таба алмайды. Әйеліне,

Осман мен жолдастарымаған келіп-кетсін деген уәж айтады. Біраз уақыт

өткеннен кейін олар, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келеді. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) олардың қабылдаған әрбір шешімдеріне жеке-жеке тоқталып:

«Бұл мәселелер жайында бір ауыздан келістіңдер ғой! Солай емес пе?»

- деп сұрайды.

Олар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Солай! Мұндай шешімге келгендегі

мақсатымыз тек игілік», - десті. Олардың сөзіне құлақ асып тыңдаған

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Шынын айтқанда (Аллаһ бұларды) маған әмір етпеді. (Оған қоса)