(
384
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Араларыңдағы біреу, бауырына қарызға ақша берді (делік). Қарызға
ақша алған жан, қарыз бергенге сыйлық тарту етсе, қабыл етпесін! Яки
көлігіне отырғызғысы келсе, көлігіне отырмасын! Бірақ бұрыннан ара-
ларында бір-біріне сый тарту, жәрдем беру болса, ол басқа әңгіме, бұған
кірмейді
(Ибн Мәжә, Садақат 19)
.
Абдуррахман ибн Сағд (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«АллаһЕлшісі (с.а.у.)ӘздруыныңибнЛұтбиядепаталатынкісісін, зе-
кет жинау қызметіне тағайындады. Осы кісі қызметін толықтай атқарып
Аллаһ Елшісінің құзырына келіп: «Мына дүние-мүлік сендердікі, ал мы-
налар маған сыйлық ретінде тарту етілді», - деді.
Мұны естіген Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мінберге шықты. Аллаһ Тағала
мадақ айтып, былай деп хұтпасын бастап кетті:
«Аллаһ Тағаланың менің билігіме берген істердің біріне, араларыңнан
біреуді тағайындаймын. Кейін ол маған келіп: «Мына дүние-мүлік
сендердікі, ал мыналар маған сыйлық ретінде тарту етілді», - дейді. Егер
айтқан сөзі шын болса, неге әкесінің яки шешесінің үйінде отырғанда оған
сыйлық тарту етілмейді?!
Аллаһқа ант етейін! Араларыңдағы кез келген жан (заңсыз) бір нәрсе
алса, сол алған нәрсесімен бірге Хақ Тағаланың құзырына шығады»
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) артынша қолын көкке көтеріп:
«Уа, Аллаһым!
Тәблиғ еттім бе (жеткіздім бе)?»
- деді
(Бұхари, Хиял 15, Зекет 3, Хиба, 17,
Жиһад, 189, Айман 3, Ахкам, 24; Мүслим, Имара 26-27)
.
Ислам дінінде кез келген қызметтегі қызметкердің, қызмет бабын
өз пайдасына қолдану ықтималы болғандықтан, оның қандай да бір
сыйлық алуына тыйым салынған. Тіпті мемлекеттің зекет және салық
қызметкерлерінің сыйлық алуына да тыйым салынған. Бұл үкім басқа да
қызметтердегі жандарға жүреді. Өйткені үкімі харам болып табылатын
пара алуды, нәпсінің айдауына көніп сыйлық ретінде қабыл алу, үлкен
күнә.
Абдулла ибн Амр: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) пара бергенді де, пара
алғанды да лағнеттеді», - дейді.
Өзара сыйлық берісудегі маңызды нәрселердің бірі, берген сыйлықты
қайтып алмау болып табылады. Ғаламның мақтанышы (с.а.у.):
«Кез кел-
ген жанның сыйлық тарту етіп, оны кері қайтып алуы адал емес. Тек әке,
баласына жасаған тартуын қайтып ала алады»
, - дейді
(Әбу Дәуіт, Буюғ
81/3539)
.
Шынымен-ақ мұндай әрекет адамшылыққа жатпайды. Өйткені
мұсылман баласы жасаған игілігіне өкінбейді. Әрі кез келген ісінің,
Аллаһ Тағаланың разылығына сай болуына үлкен мән береді.