Previous Page  385 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 385 / 462 Next Page
Page Background

(

385

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бір-бірімізге сыйлық тарту еткенде төмендегі мына әдеп қағидаларын

біліп жүруіміз қажет:

1. Адал жолмен келген, сыйға ұсынылған сыйлықты қабыл ету керек.

2. Харам жолмен табылғандығы белгілі болған сыйлықты қабыл ет-

пеу керек. Өйткені харам дүние-мүліктің зекеті де алынбайды. Бірақ

сыйлық арқылы, ол кісіге тура жолды насихат ету мүмкіндігі туып жат-

са, сыйлықты қабыл етіп, сауап алуға үміттенбестен мұқтаж кісіге беру

жөн болады.

3. Қандай жолмен табылғандығы белгісіз сыйлықты, тарту еткен

кісінің көңілін қалдырмау үшін қабыл етуге болады. Сонымен қатар

оның қандай жолмен табылғандығын іздестірудің қажеті жоқ.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Әкем Хазірет Омар (р.а.) сатылып жатқан атлас киім көрді. Оны

Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) апарып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мынаны сатып

алып, делегациялар келгенде, жұма күндері кисеңіз қалай болады?» - деп

сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мұны (ақыреттен) нәсібі болмағандар

киеді», - деді.

Кейінірек Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хазірет Омарға (р.а.) атластан тігілген

киімберіпжіберді. ХазіретОмарПайғамбарымызға келіп: «Уа, Аллаһтың

Елшісі! Сіз жібек жайында, мұны (ақыреттен) нәсібі болмағандар киеді»,

- деп едіңіз ғой. Кейін мынаны маған беріп жіберіпсіз (мұның сыры не?)»

- деді.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұны, сен өзің кисін

деп бермедім. Сатып жіберіп бір мұқтаждығыңды өтерсің немесе бір

әйеліңе кидірерсің деп беріп жібердім», - деді

(Бұхари, Либас 30; Жұма 7,

Идайын; Мүслим, Либас 6; Муатта, Либас 18)

.

Жібектен тігілген киім кию еркектерге харам, ал әйелдерге рұқсат.

Хадис-шәріпке сүйене отырып, жібектен тігілген бір сыйлық келсе, оны

әйеліне яки қызына беру шартымен қабыл етуге болады деген тоқтамға

келеміз.

***

Әнәс ибн Мәліктің (р.а.) нақыл еткеніне сүйенсек Рим императоры

Пайғамбарымызға (с.а.у.) атластан тігілген, алтынмен сырылған, ұзын

жеңді бір киім тарту еткен еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны үстіне киген-

де қасына жиналып тұрған халық: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мынау саған

аспаннан түсті ме?» - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Қатты ұнатып