(
389
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Мұсылман болдың ба? - деп сұрады. Мен:
– Жоқ, - деп жауап бердім. Ол:
– Маған мүшріктердің сыйлықтарын алуға тыйым салынды, - деп
сыйлығымды қабыл етпеді»
(Әбу Дәуіт, Хараж 35/3057)
.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай әрекет етуінің
сыры, Ғияздың мұсылмандықты қабыл етуін қалауынан туындаған еді.
Бірақ халықаралық қатынастардың орны бөлек. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) мемлекет басшыларынан келген сыйлықтарды, оларды исламға
жақындата түсу үшін қабыл ететін. Хазірет Әли (р.а.): «Кисра Аллаһ
Елшісіне сыйлықтар тарту еткен еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл
сыйлықтарды қабыл етті. Өзге патшалар да оған сыйлықтар тарту етті.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларды да қабыл еткен еді», - дейді
(Тирмизи, Сияр
23/1576)
.
***
Ұзын сөздің қысқасы, сый алып-берісу Пайғамбарымыздың сүннеті
болып табылады. Осы сүннетті жандандырып бауырмалдық, өзара
жәрдемдесу секілді қасиеттерді әрдайым бұзбай ұстап тұру әрбір
мұсылманның міндеті.
Пайдакүнемдік пен дүниенің соңына түсу шарықтап тұрған мына за-
манда, шын пейілден берілген сыйлық талай жанның көңілінде қуаныш
алауын тұтатуы сөзсіз.
Егер сыйлық дұшпанға тарту етілсе, оның дұшпандығы мен кегін
азайтады. Тіпті уақыт өте келе жоқ қылады. Сыйлық дос та емес,
дұшпан да емес ол біреуге берілсе достыққа жол ашады. Ал досқа тар-
ту етілсе, достығы одан сайын арта түседі. Бұған Аллаһ Елшісінің
(с.а.у.) мұсылмандықты жаңа қабыл еткендердің көңілін ислам дініне
жақындата түсу үшін берген мол сыйлықтары дәлел бола алады.
10. Қонақ күту
Аллаһты және оның пайғамбарын барша нәрседен артық сүйетін
әрі пайғамбардың мінез-құлқын өзіне үлгі тұтқан әрбір мүмин Аллаһ
Тағаланың құлдарын жақсы көріп, оларға қонақжайлық танытуы қажет.
Әсіресе сапар шегіп, ел-жұртынан алыс қалып, әбігер күйге түскендерді
тауып алып, қанатының астына алып, көңілдеріндегі қайғы мен мұңды
қуаныш пен сүйінішке айналдыруға күш салуы тиіс. Өйткені көңілі
жабыраңқы жандарға сүйеу болу Аллаһ Тағалаға жақындататын игі
істердің бірі.
Сонымен қатар өзін көруге келген мүмин жанды ыстық қабылдап,