(
387
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
беретін пенде табылмас, - деді. Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
− Жоқ Захир! Сен Аллаһтың құзырында өте құнды әрі бағалысың, -
деді
(Ахмед III, 161)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзін көруге келген кісілерге, делегацияларға
сыйлықтар беруді ешқашан ұмытпайтын. Бахрейн халқынан өз арасы-
нан жиырма кісіні таңдап, өзіне жіберуін өтініп, хат жазып жіберген
еді. Келген кісілердің он екісі Абдулқайыс руынан болатын. Олар
Пайғамбарымызбен (с.а.у.) кездесіп, мұсылмандықты қабыл етті.
Көптеген мәселерді сұрастырып, үйреніп алды.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) олар қайтқанда, әрбіріне сыйлық тарту етуді
әмір етті. Делегация басшысы Абдулла ибн Ауфқа он екі жарым уқия
210
күміс берілді
(Ибн Сағд I, 315)
.
Хазірет Пайғамбарымызға (с.а.у.) Мурра руының он үш кісіден
құралған делегациясы Харис ибн Ауфтың басшылығымен келген еді.
Аллаһ Елшісі оларға: «Артыңда қалған ел-жұрттың жағдайы қалай?» -
деп сұрады.
Харис: «Уаллаһи, біз құрғақшылыққа және аштыққа тап болдық.
Хайуандарымыз дем ала алмай қалды. Біз үшін Аллаһқа дұға етші», -
деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһым! Оларды жаңбырыңмен сула», -
деп дұға етті.
Мурра руының делегациясы Мәдинада бірнеше күн қалғаннан кейін
өз еліне қайтқысы келді. Пайғамбарымызға (с.а.у.) қош айтысуға келді.
Пайғамбарымыз(с.а.у.)ХарисибнАуфтыоларғабасшыетіптағайындады.
Біләл Хабашиді шақырып, делегация мүшелеріне сыйлықтарын беруді
әмір етті. Ол делегациясының әрбір мүшесіне он уқиядан, ал Харис ибн
Ауфқа он екі уқия күміс берді
(Ибн Сағд I , 289; ибн Әсир, Усдул-Ғаба I , 410)
.
***
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне берілген
сыйлықтарды қабыл ететін. Қолында мүмкіндігі болса дос демей, дұшпан
демей, барлығына, әсіресе Мәдинаға келетін делегацияларға сыйлықтар
тарту етуге күш салатын. Тіпті соңғы сырқатында, қатты ауырып
жатқанда келген делегацияларға сыйлықтар берілуін бұйырған еді.
211
Өлімінің алдында айтқан өсиеттерінің бірінде:
«Менің жасағаным
210. Уқия – көне күміс ақша. 1 уқия шамамен 128 грамм болады. Уқия сонымен қатар
ауырлық өлшемі болып та қолданылуда.
211. Бұхари, Жизя 6.