Previous Page  388 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 388 / 462 Next Page
Page Background

(

388

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

секілді сендер де келген делегацияларға сыйлықтар тарту етіңдер»

, - де-

ген болады

(Мүслим, Уасият 20)

.

***

Бір-бірімізге сыйлық тарту еткенде аса мән берілуі керек болған

нәрсе өзімізге ұнамайтын, қажетсіз бұйымдарды сый ретінде бермеуіміз

қажет.

Бір күні Аллаһ Елшісіне кесіртке сыйға берді. Аллаһ Елшісінің

(с.а.у.) оны жақсы көрмейтіндігін білетін Айша анамыз (р.а.) дәл

сол сәтте есіктің аузына келген пақырға беріп бермеуін одан сұрады.

Қадірлі Пайғамбарымыз (с.а.у): «Оларға өздерің жемейтін нәрселерді

бермеңдер», - деді

(Ахмед VI, 105, 123)

.

***

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен бірген Сағида руының тұрып

жатқан жеріне келген болатын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Сәһіл ибн Сағдқа

(р.а.) қарап: «Әй, Сәһіл. Бізге су берші», - деді. Сәһіл дереу бір тостақ су

берді. Сәһіл (р.а.) бұл ыдысты өмір бойы сақтап өтті.

Әбу Хазым (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Сәһіл бізге ол тостақты шығарып көрсетті. Біз одан су іштік.

Кейінірек Омар ибн Абдулазиз Сәһілден мубарак тостақты сыйға тар-

туын өтінді. Ол оның өтінішін орындап тостақты оған сыйға тартты»

(Бұхари, Әшриба 30)

.

Сахабалар өздеріне ең құнды, қымбат болып табылатын дүниелерді

шын пейілімен сыйға тартатын. Мұның бір мысалы Сәһіл (р.а.) көптеген

дүниеге айырбасталмас тостақты сыйға тартқан еді.

***

Фирас атты сахаба өмір сүрді. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қандай

да бір затына иелік етуді арман ететін. Бір күні ол Аллаһ Елшісіне (с.а.у.)

келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) алдында тұрған табақтан тамақтанып

жатқан болатын. Фирас табақты өзіне сыйға тартуын өтінді. Ешкімнің

мәселесін, көңілін қалдырмаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) табақты оған

сыйға тартты.

Хазірет Омар (р.а.) кейде Фирастың үйіне барып: «Әкел ана мубарак

табақты», - деуші еді. Аллаһтың сүйікті құлыПайғамбарымыздың (с.а.у.)

саусақтары тиген табаққа зәмзәм құйып шөлі қанғанша ішетін. Артылып

қалған суды жүзіне, көздеріне шашатын

(Ибн Хажар, әл-Исаба III, 202)

.

***

Ғияз ибн Химар (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісіне бір сыйлық тару еткен едім. Маған қарап: