(
392
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жеріне отыруы керек. Басқа жерге отыруға тырыспау қажет.
Мейман, бір үйге кіргенде, бір нәрсе іздеп жүрген яки аңдып жүрген
адам тәрізді емес, назарын шектеу керек. Қонақтың жабық тұрған жәшік,
сандық, шкаф секілді нәрелерді ашуы, ислам әдебіне теріс әрі аманатқа
қиянат болып табылады.
Қонақтың үй иесінің рұқсатынсыз имам болуы немесе оның жеке ор-
нына отыруы дұрыс емес.
219
Яғни қонақ толығымен үй иесінің билігіне
бағынып, тіпті оның рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауына болмайды.
220
Қысқасы, қонақ та үй иесі де әдептен озбай, жақсы қарым-қатынаста
болулары тиіс.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
АллаһтыңЕлшісі(с.а.у.)қонақтыөтежақсыкөретін.Тіптісыпайылығы
сондай, қонағына өзі сый, құрмет көрсететін. Қонақтарды қарсы алардың
алдында таза әрі әдемі киім киетұғын. Қабылдау рәсімінде қасында бо-
латын адамдарға да өзі секілді бірдей киінуін қалайтын. Мысалы; Кин-
да делегациясы келгенде Хазірет Әбубәкір, Хазірет Омар және Хазірет
Әли барлығы Йемендік бағалы киімдер киген еді
(Ибн Сағд IV, 346)
.
Хазірет Әбубәкір (р.а.) барша рәсімдерге жауапты болатын.
Мәдинаға келген делегацияларды, қонақтарды қарсы алып, олармен
алдын-ала келісімдер жасап, әдеп үйрететін. Аллаһ Елшісінің құзырында
қалай жүріп-тұратындықтарын, қандай әрекеттер жасайтындықтарын
үйрететін. Қонақтарға Саубан (р.а.) қызмет ететін. Хазірет Біләл болса,
тамақтандыру ісіне жауапты еді. Делегацияларға кейде ет пен нан, кей
уақытта нан мен сүт берілетін
(Кәттани I, 348)
.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымызға қонақ болып, оның
жан дүниесінен нәр алғандар, рухани дүниесіндегі әдеміліктерді
тамашалағандар, еліне қайтқанда Мәулананың тілімен айтқанда былай
дейтін: «Уаллаһи, қайда болсамда, қайда барсамда мен сенің өмір-бақи
қонағың болып өтемін. Мен өлі едім. Сен тірілттің. Бұдан былай мен
сенің азат құлыңмын. Сенің есік алдындағы қызметшіңмін. Өйткені
дүние де ақырет те сенің шапағат дастарқанының қонақтары...»
***
Әбу Хурайрадан (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қалай аш қалатындығы
сұралғанда, былай деп жауап берген еді:
«Бұл жағдай, оның маңайында жүргендердің, қонақтардың көптігінен
219. Мүслим, Мәсажид 290.
220. Тирмизи, Саум 70/789.