Previous Page  398 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 398 / 462 Next Page
Page Background

(

398

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Абдуррахман шынын айтып тұр. Бізге ас әкелді. Бірақ біз жемедік,

- деді.

– Демек мені күттіңдер. Мен де бұл асты осы түнде ішпеймін, - деп

ант етті. Олар:

– Аллаһтың атымен ант етеміз! Сен ішпесең, бізде ішпейміз, - деді.

Хазірет Әбубәкір:

– Аллаһ жақсылықтарыңды берсін. Сендерге не болған? Берген асы-

мызды қабыл етпейсіңдер. Кәнекей, асқа келіңдер, - деді. Ас қайта келді.

Әкем асқа қолын салып, бісмілләсін айтып: «Ашу үстінде еткен антым

шайтанның түртуінен болды», - деп тамаққа бас қойды. Қонақтар да

жеді. Аллаһқа ант етейін, біз қолымызды ұзатқан сайын, ас арта түсті.

Қонақтар тойды. Ас алғаш әкелген кейпінен көбірек болып ортада қалды

(Бұхари, Мәуақит 41, Мәнақиб 25, Әдеп 87-88; Мүслим, Әшриба 176-177)

.

***

Пайғамбырымыз (с.а.у.) Бәдір соғысында қолға түскен тұтқындарды

бір жерге жинап ұстамаған. Оларды сахабаларға бөліп берген. Әрі олар-

ды қонақ етіп, күтулерін әмір еткен. Сахабалар өздерінің пайына түскен

нанды тұтқындарға беріп, өздері құрма жеген

(Ибн Хишам II, 288; Хайсами VI,

86)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) және оның сахабалары исламды үйрену үшін

Мәдинаға келетін делегацияларды, өзге жандарды қонақ етіп, жақсылап

күтіп жіберетін. Кейде бұл көп уақытқа созылып кететін. Өйткені кел-

гендер Құран Кәрімді және исламды Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзінен

үйренетін. Сондықтан біраз уақыт Мәдинада қалып қоятын.

Бұлардың бірі Абдулқайыс делегациясы келгенде ғаламның

мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ансардан оларды мейман етіп,

күтіп жіберулерін өтінді. Ертеңіне таңертең келіп, жағдайларын сұрады.

Ансардың қонақжайлығынан разы болып, болмағандығын сұрады. Олар

риза еткендіктерін білдіріп: «Олар нендей жақсы бауырлар. Бізді жұмсақ

төсектерге жатқызды. Тәтті әрі хош тағамдар тарту етті. Күн демей, түн

демей Раббымыздың кітабын, Пайғамбарымыздың сүннетін үйретуде»,

- деді.

Бұл Пайғамбарымызға (с.а.у.) қатты ұнап, қуанып қалды. Кейін

Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардың әрбірін жеке-жеке тексеріп, жаттаған

әттахият, фатиха және басқа сүрелерді, үйренген сүннеттерін өзі тыңдап

шықты

(Ахмед III, 432)

.

Мәдинадаосытәрізді онкүннемесеоданкөпқалыпқоятынделегация-

лар үшін арнайы қонақ үйлер ашылды. Абдуррахман ибн Ауфтың үйі осы