Previous Page  400 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 400 / 462 Next Page
Page Background

(

400

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Кейін Хазірет ибнЖағфардың үйіне жол нұсқады. Ол Хазірет Хасан мен

Хазірет Хұсейннің бергеннің екі есесін әйелге сыйға тартып:

– Алдымен оларға барғаныңыз дұрыс болыпты. Өйткені әуелі маған

келгеніңізде, олар қиналып қалатын еді, - деді

(Ғазали, Кимиауыс-Сағада 463-

464 бет)

.

Мәдениетіміздегі «құдайы қонақ» түсінігі, қадірлі халқымыздың

қонаққа берген бағасын, оған жасаған құрметін көрсетуге жеткілікті.

Ата-бабамыздың жомарттық сезімдерінің кеңдігі соншалық, келген

қонақты күту үшін өзара жарысқа түсетін. Он төртінші ғасырда бүкіл ис-

лам әлемін шарлап шыққан, әйгілі тунистік саяхатшы ибн Баттутаның

өз көзімен көрген мына уақиға нендей ғажап. Ибн Баттута жолдаста-

рымен бірге Анадолыны кезіп жүргенде, ол кезде «Ладик» деп аталған

Теңізшіге соғады. Мұнан кейінгісін өзі былай әңгімелейді:

«Қалағакіріп,базартұсынанөткеніміздедүкендерденшыққанбірнеше

кісінің, көліктерімізді бұрып жіптеріне жабысқанын көрдік. Басқа

бір топ кісі келіп, оларды тоқтатты. Кейін талас туды. Сөйлегендерін

түсінбегендіктен қорқа бастадық. Бұлар қарақшы Гермиандар әрі мына

қала да солардікі деп ойладық. Дүние-мүлкімізді тартып алып, өзімізді

өлтіреді-ау деп қатты қайғырдық.

Кейін Аллаһ Тағала бізге арабша білетін, қажылыққа барып келген

адам жіберді. Одан мыналар не қалайды деп сұраттым. Бұлардың Ахи

дәруіштері екендігін айтты. Бізбен алғаш кездескендер Ахи Синанның,

ал кейіннен келгендердің Ахи Думанның дәруіштері екен. Екі жақта

бізді өз «зауияларында» қонақ болуымызды қалағандықтан осы тартыс

туған екен. Олардың орасан зор қонақжайлығына таңданбау қолдан

келмеді. Әйтеуір істі жеребе тастап шешетін болып екі жақ келісті.

Кімге жеребе түссе алдымен соның «теккесіне» барып, қонақ болуымыз

қарарластырылды. Жеребе Ахи Синанға түсті. Ол мұны естіп, жанына

бірнеше дәруішті ертіп, бізді қарсы алды. Оның «теккесіне» қонақ болып

түстік. Бізге алуан түрлі тағамдар тарту етті.

Біраз тыныққаннан кейін Ахи Синан бізді моншаға ертіп апарды.

Маған жеке өзі қызмет етті. Басқа дәруіштердің үш-төртеуі бір жолда-

сыма қызмет етті. Моншадан шыққаннан кейін үлкен дастарқан жай-

ды. Тамақтан соң, дауысы әдемі қарилардан Құран тыңдадық. Зікірлер

айттық. Ертеңіне Ахи Думан және оның муридтерінің бізді алып кету

үшін дайын тұрғандықтарын көрдік. Ол жерде көптеген жомарттықты

көзіміз көрді».

222

***

222. Ибн Баттута, «Рихлату ибн Баттута», Бейрут, 305-306 бет.