(
406
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жүзін әсемдей түсетін) тәрізді болуын қалайтын еді
(Әбу Дәуіт, Либас
25/4089)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жолда келе жатып бір адамға кездесті. Ол кісі
ұяты мол бауырына ұрсып: «Сен ұялып жүрсің. Әдептісің. Бірақ мұның
саған залалы тиеді. Істерің алға баспайды», деген сияқты сөздерді айтып
бұлмінезінен арылуын айтыпжатыр екен. Мұны естігенПайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Оған тиіспе. Өйткені, ұят – имандылықтың белгісі»
, - деді
(Бұхари, Әдеп 77, Иман 16; Мүслим, Иман 57-59)
.
Сахабалардың дегеніне сүйенсек, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үстіне
жамылғысын жауып алған бойжеткен қыздан да өте ұятты және әдепті
еді
(Бұхари, Әдеп 77)
.
***
Бір топ яһуди Аллаһ Елшісінің жанына келіп: «Әс-саму алейкум»
(Жер құшыңдар, өліңдер), - десті. Мұны естіп қалған Айша анамыз:
«Сендер жер құшыңдар! Аллаһтың лағынеті мен қаһарына ұшыраңдар»,
- деп айқайлады.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Тыныштал Айша! Нәзіктік және жұмсақтық таныт. Қатігездік пен
жамандықтан сақтан! - деді. Хазірет Айша анамыз (р.а.):
– Не айтқандарын естімедіңіз бе? - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Сен менің оларға не деп жауап бергенімді естімедің бе? Өз сөздерін
өздеріне қайтардым. Менің олар жайындағы дұғам қабыл етіледі. Ал
олардың маған қарсы жасаған дұғалары қабыл етілмейді»
, - деді
(Бұхари,
Әдеп 38)
.
***
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әдебі мен көркем
ахлағын былай деп сипаттайды.
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешқашан біреуді балағаттамайтын. Мубарак
аузынан жаман сөз шықпайтын. Біреуді лағнеттемейтін. Арамыздағы
біреуді тәртіпке салғысы келсе тек: «Аллаһ игілігін берсін! Оған не
болған?» - деуші еді»
(Бұхари, Әдеп 38, 44)
.
***
Сүлеймен ибн Сурад (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында отырған едім. Ке-
нет екі кісі бір-бірімен ұрысып, балағаттасып жатты. Біреуінің ашуға
қатты мінгендігі соншалық қып-қызыл болып, күре тамыры адырайып
шығып кетті. Мұны көрген Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мен, мына кісі оны