Previous Page  409 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 409 / 462 Next Page
Page Background

(

409

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Абдулла мұнан кейінгі болған уақиғаны былай деп жеткізеді.

«Хазірет Айшаның үйіне барып есігін қақтым. Кіруге рұқсат сұрадым.

Рұқсат берілгеннен кейін, сәлем беріп бөлмесіне кірдім. Айша (р.а.)

жылап отыр екен. Оған қарап: «Омар саған сәлем айтты. Екі досының

қасына жерлену үшін сенен рұқсат сұрап жатыр», - дедім.

Хазірет Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ Елшісінің жанында қалған бір

кісілік орынды өзім үшін дайындаған едім. Бірақ бүгін Омарды өзімнен

артық көремін», - деді. (Аллаһ Елшісі (с.а.у.) және Хазірет Әбубәкір

(р.а.) Айша анамыздың бөлмесіне жерленген болатын. Айша (р.а.)

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) және әкесінің қасына жерленуді қалап

жүрген болатын. Бірақ үлкен қайырымдылық жасап, өз орнын Хазірет

Омарға (р.а.) берді).

Абдулла үйіне кері қайтты. Үйге кіріп келгенде Хазірет Омарға:

– Міне Абдулла келді, - деп айтылды. Омар (р.а.) не болды екен деп

алаңдап:

– Мені тұрғызыңдар, - деді. Бір кісіге сүйеніп орнынан тұрып:

– Қандай хабар әкелдің? - деп сұрады. Ұлы:

– Тілегің орындалды. Хазірет Айша (р.а.) рұқсат берді, - деп жауап

берді. Омар (р.а.):

– Құдайға шүкір! Бұдан артық еш нәрсе көзіме ілінбей жүр еді.

Кеудемнен жаным шыққанда, мені сол жерге апарыңдар. Хазірет

Айшаға қайтадан сәлем беріп: «Омар рұқсат сұрап тұр деп айтыңдар.

Егер рұқсат берсе, бөлмеге алып кіріңдер. Ал егер рұқсат бермесе мені

мұсылмандардың мазарына апарып жерлеңдер, - деді.

Олар Омар (р.а.) қайтыс болғанда, оны көтеріп Хазірет Айшаның

бөлмесіне апарды. Абдулла (р.а.) Айша анамызға сәлем беріп: «Омар

рұқсат сұрап тұр», - деді.

Қадірлі анамыз: «Ішке алып кіріңдер», - деді. Омардың денесі дереу

ішке кіргізіліп, Хазірет Айшаның (р.а.) бөлмесінде, екі қимас досының

қасына жерленді

(Бұхари, Асхабун-Нәби 8, Жанайыз 96, Жиһад 174, Тәпсір 59/5,

Ахкам 43)

.

***

Хазірет Дәуіт Тай былай деп әңгімелейді:

«Жиырма жыл Әбу Ханифаның қасында болдым. Осы уақыт ішінде

оның жалғыз яки біреулермен отырғанда жалаңбас отырғандығын, не-

месе демалу үшін аяқ созып отырғандығын еш көрмедім. Мен оған:

«Жалғыз отырғанда аяғыңды ұзатқанда тұрған не бар?» - деп сұрадым.