Previous Page  412 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 412 / 462 Next Page
Page Background

(

412

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Елшісінің (с.а.у.) алдына түспей бір мәселе жайында (Аллаһтың және

Пайғамбардың) үкімі бола тұра, өзге үкімге бас қоймауы ләзім. Сонымен

қатар аса қажеттілік болмаса үлкендердің, құрметті кісілердің қасында

дауыс көтеріп сөйлеу үлкен әдепсіздік болып табылады.

Мүмин сөзін әуелі «бисмиллә», кейінАллаһқа мадақ айтумен бастауы

керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы тәртіппен басталмаған істің берекеті

болмайтындығын, нәтижесіз қалатындығын айтып өткен.

231

Тіпті Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) кішкентай бала сөйлей бастағанда, алғашқы сөздерінің

иләһи кәлам болуын тілейтін. Абдулмутталиб атасынан шыққан бір

баланың тілі шыққанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған

«Барша мақтау

бала иемденбеген, әрі мүлкінде

(билігінде)

ешбір серігі болмаған,

сондай-ақ шарасыздықтан көмекшісі болмаған Аллаһқа лайық деп айт!

Әрі оны ұлықта!»

- деген аятты он мәрте оқытып үйрететін

(Абдурразақ IV,

334; ибн Әбу Шайба, әл-Мусаннаф I, 348)

.

Мүмин Аллаһты зікір етпеуден, әсіресе дүниелік бос сөздерді сарп

етуден аулақ болуға тырысуы қажет. Өйткені мұндай жағымсыз әрекет

жүректің қатігездікке бой алдыруына себеп болуы мүмкін. Ал қатігез

жүректер Аллаһтың мейірімінен ұзақ қалады.

232

Оған қоса көп сөйлеу адамды қателікке итермелейді. Бір шайыр бұл

ақиқатты:

«Шешендер бұл ақиқатты:

«Кім көп сөйлесе, сол қателікке мол түседі», - деген өлең жолдары-

мен жеткізеді. Сөз сөйлегісі келген жан әуелі не айтатындығын ойлап

алуы керек. Айтайын деп отырған сөзінің өзіне яки өзгеге пайдасы

тиіп-тимейтіндігін таразылап алуы қажет. Пайдасы болса айтып, пай-

дасы тимесе ләм-мим деп жақ ашпаған жөн. Өйткені пайдасыз сөздің

көбінесе һәм өзіне һәм өзгелерге залалы тиетіндігін түйсініп жүруі ке-

рек. Ақиқатына жүгінсек жақ ашпай залалдан сақтану кез келген кісіге

өз пайдасын тигізері хақ.

Тіпті бір мәселе жайында сөз сөйлеу мен жақ ашпау тең түссе, тіс жар-

мау сүннет. Өйткені үкімі мубах. Сөз бағзы уақытта харам немесе мәкруһ

үкіміне айналуы ғажап емес. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Адамзат баласына,

жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған яки Аллаһ Тағаланы зікір

еткен сөздерінен басқа сөздің пайдасы емес залалы тиеді»

, - деп айтып

кеткен

(Тирмизи, Зүһд 63/2412)

.

Мүмин кісі адамдарды жамандауға, лағнеттеуге себеп болатын

сөздерден аулақ болуы тиіс.

233

Аузынан жаман сөз шығатын, қылығы

231. Әбу Дәуіт, Әдеп 18/4840; Ибн Мәжә, Неке 19.

232. Тирмизи, Зүһд 62/2411.

233. Тирмизи, Бирр 48/1977; Ахмед І, 405, 416.