(
416
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Олардың жамбастары төсектен ажырап
(түнде ұйқыдан тұрып)
,
Раббыларының азабынан қорқып, әрі мейірімінен үміт етіп дұға етеді.
Сондай-ақ олар, нәсіп еткен ырыздығымыздан, инфақ етеді
(өзгеге
жұмсайды)
»
(Сәжде сүресі, 16-аят)
.
Сондықтантүнніңбіруағынадейінбоссөзжәнепайдасыз іс-әрекетпен
айналысып тәһажжудқа тұрмау, тіпті таң намазын оқымау мүмин
үшін үлкен зиян. Бірақ құптан намазынан кейін пайдалы әңгімелерге,
жиналысқа, сұхбаттарға рұқсат беріледі.
Бос, пайдасыз сөздерадамдыруханитұрғыданкүйзелтеді. Алхикметті
сөздер көңілге қуаныш сыйлайды.
Ұлық әулиелердің сөз сөйлеу әдебі жайлы айтқан сөздеріне көз
жүгіртейік.
«Көп сөз адамды ұмытшақ етеді» (Хазірет Әбубәкір).
«Аузы былапытпен сөз таластырып, жауап берме. Өйткені оның
тілінде одан бетер сөздер бар. Айтқан сөзіңе солармен жауап береді»
(Хазірет Әли)
.
«Наданмен әзілдеспе. Тілі улы болғандықтан, көңіліңе қаяу салар»
(Хазірет Әли)
.
«Сөз сөйлеу үшін әуелі тыңдау қажет. Сондықтан сөзді тыңдаудан
баста»
(Хазірет Мәулана)
.
«Көп сөзді, мұратын жеткізе алмағандар сөйлейді» (Хазірет
Мәулана).
«Қанша білсең де, айтқандарың қарсы алдыңдағы адамдардың
түсінгеніндей ғана болады»
(Хазірет Мәулана)
.
«Аз тамақтан, көп құлшылық ет. Барша игілікті біліп жүр. Бірақ сөзді
аз сөйле»
(Жүсіп Қас Хажиб)
.
«Көп тыңдап, аз сөйле. Сөзді ақылмен айтып, біліммен сәнде»
(Жүсіп
Қас Хажиб)
.
«Адамдарға жаман сөз айтпа. Жаман сөз жанып жатқан алау секілді.
Оны аузыңнан шығарғанда, әуелі өзің жанасың»
(Жүсіп Қас Хажиб)
.
Тоқсан сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Аллаһқа және ақыретке
иман келтірген жан жақсы сөз сөйлеуі қажет. Немесе жақ ашпауы
керек.
245
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Кімде-кім маған екі жағы (тілі) мен абы-
ройын қорғауға сөз берсе, мен де оған жәннатты уәде етемін»
, - деді
(Бұхари, Риқақ 23)
.
245. Мүслим, Иман 77.