Previous Page  421 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 421 / 462 Next Page
Page Background

(

421

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тын. Салиқалы кісі көбінесе күнәһар пенде күнә істеп жатқанда үстінен

түсетін. Оған қарап:

– Күнә істеме, оны тәркет! - деп айтатұғын. Ол бір күні тағы да

күнәһар күнә істеп жатқанда үстінен түсіп: «Күнә істеме, одан бас тарт»,

- деді. Күнәһар:

– Менде не шаруаң бар? Құдайдың алдында өзім жауап беремін. Сен

менің қыр соңымнан қалмайтын тергеуші ме едің? - деді. Ол күнаһардың

жүзіне қарап:

– Уаллаһи, сені Аллаһ кешірмейді яки Аллаһ сені жәннатқа

кіргізбейді, - деді. Дәл сол сәтте Аллаһ Тағала екеуінің де жанын алды.

Екеуі бірге Аллаһтың құзырына келеді. Хақ Тағала көп құлшылық ететін

кісіге қарап:

–Сенменіңмүлкімдегі нәрсеге сөзіңөтеме? - деді.Артыншакүнаһарға

қарап: – Мейіріміме бөленіп, жәннатқа кір! - деді. Ал әлгі кісіні «тозаққа

апарыңдар», - деп әмір етті.

Әбу Хурайра (р.а.): «(Бейшара Аллаһтың қаһарын тудыратын) орын-

сыз сөз айтты. Сөйтіп бұл дүниенің және о дүниенің бақытынан айрыл-

ды», - дейді.

Сондықтан Аллаһтың разылығына себеп болатын кез келген іс

мүлтіксіз орындалу қажет. Ал Аллаһтың қаһарын тудыратын барша істен

аулақ болу керек. Мына фәни дүниеде мина төселген жерде жүрген жан

тәрізді, әрбір іс-әрекетімізді таразылап өте сақ болуымыз қажет. Өйткені

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәннатқа кіруге таяп қалған шақта, ол бақыттан

айырылап қалғандар жайлы сөз қозғаған. Сонымен қатар тозаққа кіруге

таяп қалған шақта, жәннатқа кіру бақытына қол жеткізгендер жайлы да

айтыпөткен. ХақТағалакеудемізденақтықдемшыққанша іс-әрекетімізді

бақылауымызды өсиет етеді.

«Раббыңа, саған өлім келгенше құлшылық ет!»

(Хижр сүресі, 99-аят)

.

***

Қайыс ибн Бишр былай деп хикая етеді:

«Әбуд-Дәрданың (р.а.) жолдасы болған әкем маған төмендегі мына

уақиғаны айтып берген еді.

Дамаскта Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабаларының бірі ибн Ханза-

лия атты кісі тұрып жатқан болатын. Бұл кісі жалғыз өмір сүретін. Адам-

дарменазкөрісетін.Әрдайымнамазоқитын.Намазданқолықалт еткенде,

бала-шағасына келіп кететін. Жол бойында тәкбір, тәспих айтып машғұл

болатын. Бір күні біз Әбу Дарданың (р.а.) қасында отырғанымызда әлгі

кісі мәжілісімізге келді.