Previous Page  423 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 423 / 462 Next Page
Page Background

(

423

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қатар қарттарға, үлкенге құрмет көрсетеді. Олардың ақысы мүлтіксіз

орындалады. Құқықтарына қол сұғылмайды. Осының барлығы кере-

мет сыпайылықпен жүзеге асады. Мен, османдықтардың ахлағындағы

ерекшеліктер, кез келген адамды сиқырымен баурап алады деп еркін

айта аламын».

***

Қысқаша тоқталар болсақ, кісі тілінің астында жасырынып жатады.

Сөз бастауы әдепті жан, әдепті кісі дегенге келеді. Олай болса, орын-

ды сөз сөйлеу үшін әуелі исламның көркем ахлағын бойға сіңіру ке-

рек. Басқаша айтар болсақ, Құран Кәрімнің адамзат баласына ұсынған

көркем ахлағын ұғынып, күнделікті өмірде іске асыру қажет.

Сонымен қатар орынды сөз сөйлеу үшін, тыңдауды үйрену ләзім.

Адам баласы көп тыңдап, аз сөйлесін деп Хақ Тағала оған екі құлақ, бір

тіл нәсіп еткен. Көп сөз сөйлеу кісінің абыройын түсіреді. Сондықтан

кісі аз және орынды сөз сөйлеуге күш салуы тиіс. Әрі айтар сөзін алды-

мен таразылап, кейін асығып-аптықпай жеткізе білуі керек. Өйткені сөз,

оқ тәрізді. Ауыздан шыққаннан соң, кері қайтуы мүмкін емес. Оны айту-

дан бұрын сенің билігің жүреді. Ал айтқаннан кейін сен оның жетегінде

кетесің. Яғни, өз сөзіңнің тұтқынына айналасың. Әрі айтылмаған сөзді

кез келген уақытта айтуға болады. Ал айтылған сөзді әрдайым қорғау ке-

рек. Әрі оның есебі болады. Кейбір сөз істі бітіреді. Ал кейбір сөз басты

шаптырады. Мұны шайыр Жүніс былай деп жеткізеді:

Кей сөз бар соғыс тоқтатар,

Кей сөз бар бас шаптырар.

Кей сөз бар «у» секілді көрінер,

Нәтижеде удың өзің бал мен сүтке ауыстырар.

ә) Орынсыз жерде үндемеу және ойға шому

Орынсыз жерде жақ ашпау мен ойға шому бір-бірін толықтырып оты-

ратын аса маңызды қасиеттер болып табылады. Құндылықтары жоғары

болғандықтан, оларға қол жеткізу де оңай шаруа емес.

Хакім Лұқман: «Сабыр мен жақ ашпау, нендей ұлық ізгілік болса да,

олардың пайдасын білетін жан аз», - дейді.

Орынсыз жерде тіс жармау ғұламалардың көркі, ал сауатсыз

надандардың жамылғысы екендігі даусыз. Тіс жармауды паналаған жан-

дар әрдайымқауіп-қатерден аман қалады. Атап айтсақ қызғаншақ, күндес

кісілердің отты назарына, алаулы сөздеріне тап болудан сақтайды.

Хақ Тағала Құран Кәрімде былай дейді: