Previous Page  425 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 425 / 462 Next Page
Page Background

(

425

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қағидағаларға сай таразылауы керек. Сөз сөйлеу мен үндемеу тең түсіп

жатса, үндемеуді жөн көруі қажет.

Кез келген Аллаһқа иман келтірген жан, әуелі орынсыз жерде

сөйлемеуге бой алдыруы тиіс. Кейінірек ойға шомуды әдетке айналды-

руы ләзім. Аллаһ Тағала барша махлұқатқа өз деңгейінде ойлау қабілетін

берген. Адам баласы мен жындардан өзге махлұқаттарда ойлау қабілеті

өте төмен деңгейде қалыптасқан. Хайуанның өз баласына деген махабба-

ты, оны қорғауы бұған мысал бола алады.

Адамзат баласына ойға шому, ғаламдағы Аллаһтың құдіретін ойлап

«мағрипатқа» қол жеткізу үшін берілген. Ал мағрипатқа қолы жеткен

кісінің ізгі істер істеуге бейімділігі арта түседі.

Кісі саналы ғұмыры бойынша орынсыз жерде жақ ашпау мен ойға

шомудың тереңдігіне неғұрлым бойлай түссе, соғұрлым Хақ Тағаланың

сүйіспеншілігіне бөленіп, жәннаттағы сыйы молая түседі.

Сонымен қатар кісіні асқар биікке көтеретін ең үлкен құрал, орынсыз

жерде үндемеудің тереңіне сүңгіп, ақиқатты ойлау болып табылады.

Екі дүниенің бақытын көрсететін Құран Кәрім алғашқы аятынан ба-

стап, соңғы аятына дейін кісіні ойға шомуға шақырып отырады. Оның

жаратылысына, ғаламның жүйелілігіне тоқталып, Құран Кәрімнің

ұлылығын танытады. Құран Кәрім

«Ойланбайсыңдар ма?», «Өнеге

алмайсыңдар ма?»

деген секілді сөздермен адамдарға ескерту жасай-

ды. Сондықтан кез келген жан адамдық деңгейде өмір сүруді, рухани

тұрғыдан кемелденуді мұрат ете отырып, Құран Кәрім көрсеткен ойға

шомуға үлкен мән беруі қажет.

Зәредей бір тұқымның (дәннің) құнарлы жерде үлкен ағашқа (талға)

айналуы кісіні таң қалдырады. Сол тәрізді кісі терең ойға шомып,

сезімдерінің Құран Кәріммен біте қайнасқан шағында туатын ақиқаттар

да шынымен-ақ үлкен болады.

Хақ Тағала былай дейді:

«Олар өздері жайлы ойланбай ма? Аллаһ

Тағала жеті қат көк пен жерді, ол екеуінің арасындағыларды босқа

жаратпады. Әрі белгілі мерзім үшін

(жаратты)

.

(Бірақ)

адамдардың

көпшілігі Раббыларымен кездесуді теріске шығарады

(иман

келтірмейді)

»

(Рум сүресі, 8-аят)

.

«Шүбәсіз жеті қат көк пен жердің

(жаратылуында)

иман

келтіргендерге

(Аллаһтың бар және бір екендігіне)

көптеген айғақтар

бар. Сендердің жаратылуларыңда, сондай-ақ

(Аллаһтың жер жүзінде

алуан түрлі)

жануарларды жаратуында нағыз иман келтіргендер

үшін көптеген дәлелдер бар. Күн мен түннің ауысуында, сондай-ақ

Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, өлі жерді қайта тірілтуінде,