(
426
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(сонымен қатар)
желдерді игеруінде ақылын қолданған жандар үшін
көптеген дәлелдер бар»
(Жасия сүресі, 3-5 аяттар)
.
«Алғашқы жарату, бізді шаршатты ма? Жоқ олар керісінше, жаңа-
данжаратылудан
(өлімнен кейін қайта тірілуден)
күмәнданады. Расын-
да адамзатты біз жараттық. Оған нәпсісінің не деп сыбырлағандығын
да білеміз.
(Өйткені)
біз оған күре тамырынан да жақынбыз»
(Қаф сүресі,
15-16 аяттар)
.
Құран Кәрімдегі осындай ойға шому мысалдарын арттыра түсуге бо-
лады. Хақ Тағала құлдарының бойынан ойға шому, ізденімпаздық, терең
түсінік, биязылық іспетті қасиеттерді көргісі келеді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ойға шомудың артықшылығын былай деп тілге
тиек етеді:
«Аллаһтың махлұқаттары жайлы ойлаңдар»
(Дайлами II, 56;
Хайсами I, 81)
.
«Ойға шомудан асқан құлшылық жоқ»
(Әли әл-Муттақи XVI, 121)
.
Ал Хазірет Әли (р.а.): «Білімсіз құлшылықта, ойға шомусыз Құран
Кәрім оқуда береке болмайды», - дейді.
Әбуд-Дарда (р.а.): «Бір сағат ойға шому, қырық түн бойы жасалған
нәпіл құлшылықтан артық», - дейді
(Дайлами II, 70-71, 2397, 2400)
.
Ал Жүсіп Хамадани: «Адамның бойында ойға шому қасиеті туғанда,
ислами іс-әрекеттер кемелдене түседі. Яғни, Аллаһтың әмірлерін
мүлтіксіз орындау сезімі қалыптасады. Бұл екеуін, яғни, амал мен ойға
шомуды біріктіру үшін қолдан келгенді аянып қалмау керек».
247
Сауал сұрау арқылы білім алу, кез келген ғылымның, оқытудың ең
маңызды кілті болып табылары сөзсіз. Алайда «ладунни ғылымда» сау-
ал, тартыс тәрізді әдістер іс жүзінде қолданылмайды. Керісінше орынсыз
сөз сөйлемеу, ойға шому, сабыр, тәслимият секілді жағымды қылықтар
болады. Кез келген істің нәтижесі маңызды. «Ладунни ғылымға» қол
жеткізгендер әулиелер, жұрт ұйықтап жатқан сәттерде зікір мен ойға
шому арқылы Аллаһтың разылығын іздейді. Өйткені әулиелер үшін бұл
уақыттың маңызы өте зор.
Әйгілі ғұлама имам Ғазали: «Ғариф болуды қаласаң, әуелі орынсыз
жерде жақ ашпауың ойға шомуың қажет. Көз тастауың ғибрат алу бол-
сын. Ал тілеуің Аллаһқа құлшылық ету болсын. Өйткені бұл үш қасиет,
ғарифтердің белгісі», - дейді.
Ал Ибраһим Дасуқи: «Ұлым! Талас-тартыс, даурықпа тәрізді пай-
дасыз нәрселермен айналыспа! Орынсыз жерде тіс жарма. Ықыластың
соңынан қалма. Осы жолда игі іс істеп, нәпсіңнің дегеніне ерме», -
дейді.
247. Жүсіп Хамадани, Рутбетул-Хаят (ауд.Неждет Тосун), Станбул 2002, 60-бет.