Previous Page  428 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 428 / 462 Next Page
Page Background

(

428

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Қарғалар

қарқылдауын

бастағанда,

бұлбұлдар

сайрауын

тоқтатады».

Иә, нендей ұлық ғалым болса да, қол жеткізген ақиқатын тыңдайтын

құлақ таба алмайтын көптеген ғұлама бар емес пе? Олар оны айтудың

орнына, үндемеуді артық көреді. Бірақ қызығы сол, аз білетін кісінің

үнін өшіру қиын.

Мән берілу қажет нәрселердің бірі, өзгені тыңдау болып табыла-

ды. Өйткені тыңдауды үйренбеген жан, сөз сөйлеудің әдебін білмейді.

Сондықтан балаларымызға әуелі тіліне ие болуды үйретуіміз қажет. Ал

сөз сөйлеуді кез келген шақта үйреніп алары хақ.

Сағди Ширази: «Кімде-кім ойланбастан сөз сөйлесе, қателігі мол

болды», - дейді.

Құтадғу Біліғ атты еңбекте: «Әуелі сөйлейтін сөзіңді ойлап алғын.

Кейін жақсылап жеткізе біл. Тек саған сауал қойылғанда ғана жұмған

аузыңды аш. Әрі сөзіңді ұзатпа», - деп айтылады.

Ал Хазірет Әли (р.а.): «Саған сауал қойылғанға дейін үндемеу, үніңді

өшіргенге дейін сөйлеуден артық», - дейді.

Алайда біліп тұрып үндемеу яки сөйлейтін жерде аузын буған өгіздей

жақ ашпау, орынсыз жерде қойып қалу секілді жағымсыз қылық екендігі

сөзсіз. Өйткені бағзы сәттерде сөз сөйлеу зиянды болғанымен, кейде

ақиқатты айтпау үлкен апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан кез кел-

ген жан ақиқатты айту керек болғанда, тайынбауы қажет.

Әбу Әли әд-Даққақ: «Ақиқатты айтуға мүмкіндігі бола тұра, жақ

ашпаған жан тілсіз шайтан секілді», - дейді.

Атап айтсақ, дүниелік бір пайда үшін немесе өлімнен қорқып ақиқат-

ты залымдарға айтпау үлкен кемшілік. Мұнымен шектеліп қалмай,

залымға тілі арқылы қолдау көрсету залымның зұлымдығын істеумен

тең.

Залым Хажжаж зұлымдығымен даңқы шыққан кісі еді. Бірақ онымен

замандас болған ғұлама Хасан Басри ешқашан ақиқатты айтудан тайын-

бай, бетіне айтып салатын.

Ұзын сөздің қысқасы үндемеудің уақытын білмеу, сөйлеудің орнын

білмеу секілді әбес қылық болып табылады. Мұны шейх Сағди: «Екі

нәрсе ақылдың аздығын көрсетеді. Сөйлейтін жерде сөз сөйлемеу және

орынсыз жерде сөз сөйлеу», - деп айтады.

Олай болса, асығып-аптықпай сөз сөйлеудің орнын, уақытын білу

қажет. Сонымен қатар сөйлейтін сөзді алдын-ала дайындап алу керек.

Біле білген жанға шаршы топтан өзге жерлерде орынсыз сөз сөйлемей,

ойға шомып жүрген абзал.