(
424
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Рахманның құлдары, жер жүзінде қарапайымдылықпен жүреді.
Сауатсыз надандар оларға тіл қатқанда, «сәлем»
(амандық тілеп)
деп
айтады»
(Фурқан сүресі, 63-аят)
.
АлАллаһЕлшісі (с.а.у.):
«Қажеттіліктеріңді орындауға күшсалғанда,
әрдайым жасырын жасаңдар. Өйткені әрбір нығметке бөленген жанға
күндестікпен қаралады»
, - дейді.
Яғни, кісі көп сөйлеуден аулақ болып, іс істеуге жақын болуы қажет.
Олай болмаса, сөзге жақын болған кісінің ісіне кедергі жасайтын көре
алмас қызғаншақ жандар молынан табылады.
Орынсыз жерде жақ ашпау мен ойға шому кісінің бойында
байсалдылық және салмақталықтың пайда болуына септігін тигезеді.
Осы екі қасиет арқылы даналықтың есігі ашылады. Ғаламның құпия сыр-
ларына сәуле түседі. Кісі Құран Кәрімнің терең мағыналарына сүңгіп,
өмірдің мәнін ұғынады. Бұл екі ерекшелік кісі рухының екі қанаты
секілді, кез келген жанды мағрипат көгіне ұшырады. Мұны Зия паша:
«Бұл ғалам кітабының әрбір жапырағында мағрипат білімінің
мыңдаған дәрісі жазылған. Уа, Раббым! Мына ғалам мектебі, ой дария-
сына сүңгіп өнеге алатын нендей ұлық мектеп!» - деп жеткізеді.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Раббым маған (орынсыз жерде)
үндемеуімнің ойға шомуға айналуын әмір етті (мен де, соны сендерге
бұйырамын)»
,
246
- деп айтқан.
Ибн Масғұт (р.а.) Құран Кәрімді жатқа білетін қарилардың сипатта-
рын былай деп таныстырады:
«Құран Кәрімді жаттаған кісі халыққа орынсыз жерде сөйлемеумен
танылуы керек. Әрі оның көзінен мұң, жүзінен салмақтылық,
байсалдылық байқалу қажет. Әрі әрқашан ойға шомып, орынсыз жерде
үндемеуі ләзім»
(Әбу Нұғайм, Хиля I, 130)
.
Орынсыз жерде сөйлемеудің табиғатын бұзып, жүректі бос дырдуға
толтыру, кісіні рухани күйзеліске апарып соғады. Әрі Хақ Тағаланың жо-
лына түскен жанды теріс жолға бастауы әбден мүмкін. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Аллаһқа және ақыретке иман келтірген жан жақсы сөз сөйлесін.
Болмаса үндемесін»
, - дейді
(Бұхари, Әдеп 31, 85, Риқақ 23; Мүслим, Иман 74,
Лұқата 14)
.
Жақсы сөз сөйлеу, орынсыз жерде тіс жармау мұсылмандардың
сөз бастаудағы негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Әрі
мұсылман жанның иманының кемелдігін көрсетеді. Әрі мұсылман өзі
отырған мәжілісте сөз сөйлеуінің дұрыс яки бұрыс екендігін ислами
246. Хадистің толық мәтіні үшін қараңыз: Ибраһим Жанан, Хадис ансиклопедиси XVI, 252,
хадистің номері: 5838.