Previous Page  422 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 422 / 462 Next Page
Page Background

(

422

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әбуд-Дарда (р.а.) оған қарап: «Бізге пайдасы тиетін, сізге залалы

тимейтін сөз айтасыз ба?» - деп өтінді. Ибн Ханзалия (р.а.) ғаламның

мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) құзырында болған бір уақиғаны

айтып берді. Артынша Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) хадис-шәріптерін нақыл

етті.

Кейінірек ибн Ханзалия (р.а.) мәжілісімізге тағы да соққан еді.

Әбуд-Дарда (р.а.) оған назар салып: «Бізге пайдасы тиетін, сізге зала-

лы тимейтін сөз айтасыз ба?» - деп сұрады. Ол Аллаһ Елшісінің (с.а.у.)

бірнеше хадис-шәріпін риуаят етті. Дәл осы уақиға бірнеше мәрте

қайталанды»

(Әбу Дәуіт, Либас 25; Ахмед IV, 179-180)

.

Нендей ғажап сөйлесу үлгісі!!! Хазірет Әбуд-Дарда (р.а.) аталмыш

сахабаны көрген сайын, тыңдағандарға пайдасы тиетін, айтып берген-

ге залалы тимейтін сөз айтуын сұранады. Ол жауап ретінде әрдайым

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жайлы сөз қозғайды. Оның өнегелі сөздері мен

іс-әрекеттерін риуаят етеді, хадис-шәріптерін нақыл етеді. Кез келген

кісіге екі дүниеде пайдасы тимейтін сөздерден қатты сақтанады. Міне,

баршамызға үлгі болатын керемет әдеп!

***

Әбу Мулайых бір кісіден былай деп риуаят етеді:

«Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) көлігіне мінгесіп келе жатқан болатын-

мын. Кенет астымыздағы көліктің аяғы тайып кетті. Мен: «Қап сайтан

алғыр», - деп қалдым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: «Бұлай деп айт-

па. Өйткені сен бұлай деп сөйлесең, шайтан үлкейе түседі. Тіпті үйдің

көлеміндей үлкен болады. Әрі ол: «Оны өз күшіммен жықтым», - деп

сайрандайды. Сен керісінше: «бисмиллә», - деп айт. Өйткені бұлай деп

айтсаң, ол кішірейе түседі. Тіпті шыбынның көлеміндей кейіпке түседі»,

- деді

(Әбу Дәуіт, Әдеп 77/4982)

.

***

Еуропалық жазушылардың бірі Вигуер осман империясының

қоғамына қатысты естеліктерінде былай дейді:

«Сұхбат жасайтындардың сөздері қысқа әрі нұсқа болады. Әріптерді

шайнамай, толықтай айтыпшығадыОлардыңкүлімсіреуінде сыпайылық

байқалады. Қол әрекеттерінде биязылық, қарапайымдылық көзге ша-

лынады. Шетелдіктерді қайран қалдыратын нәрсе, бірнешеуінің бірден

сөйлемей араларындағы тек біреуінің сөйлеуі болып табылады. Сөз

алған кісі көбінесе қысқа сөйлеуге күш салады. Тыңдап отырған кісі де

сөз аяқталғанша аса үлкен мұқияттылық танытады. Бір-бірінің қарсы

пікірлерін үлкен құрметтілікпен қорғап шығады. Сөйлеген сөздерінде

қандай да бір жамандық, өсек, жала жабу тәрізді жағымсыз нәрселер,

әдепке теріс түсетін бос сөздер атауымен болмайды. Олар сонымен