Previous Page  419 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 419 / 462 Next Page
Page Background

(

419

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

–Сөйлегенсөзіміз үшін есепке тартыламыз ба? - деді.Пайғамбарымыз

(с.а.у.) Мұғаздың тізезін ұрып:

– Аллаһ сені мейіріміне бөлесін Мұғаз! Адамдарды тозаққа түсіретін,

тіл емей немене? Кімде-кім Аллаһқа және ақыретке иман келтіретін бол-

са пайдалы сөз айтсын. (Пайдасыз сөз болса) жұмған аузын ашпасын.

Зияны тиетін сөзді айтпасын! Сендер игі сөз сөйлеп, табысқа жетіңдер.

Зиянды сөз айтудан аулақ болып, тыныштық табыңдар, - деді

(Хаким IV,

319/7774)

.

***

Тағы да сол Мұғаз ибн Жәбал (р.а.) риуаят еткен төмендегі мына

уақиға һәм Аллаһ Елшісі (с.а.у.) һәм Мұғаз (р.а.) іске асырған сөйлесу

әдебіне мысал бола алады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларымен бірге Тәбук ғазауатына

шықты. Жолда Мұғаз (р.а.) Аллаһ Елшісінің соңынан еріп отырды.

Кенет Мұғаздың (р.а.) түйесі сүрініп кетті. Ол түйенің бұйдасын тар-

тып, қамшымен салып-салып жіберді. Бұл дауыстан Аллаһ Елшісінің

астындағы түйе үркіп кетті. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бетіндегі орамалды

шешіп қарағанда, жанындағы тұрған Мұғазды (р.а.) көріп:

– Ей Мұғаз! - деді. Мұғаз (р.а.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Құлағым сенде, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

–Жанымажақында, -деді.МұғаздыңПайғамбарымызғажақындағаны

соншалық, астына мініп келе жатқан түйелері бір-біріне сүйкенерліктей

күйге келді. Мұғаз (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) өзіне жеке жылы шы-

рай танытқандығын пайдаланып:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Рұқсат берсеңіз, жаныма батып, мені

мұңайтып жүрген нәрсе жайлы сұрайын деп едім, - деді. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.):

– Қалауың білсін, - деді. Мұғаз (р.а.):

–Уа, АллаһтыңПайғамбары!Жәннатқакіруіме себепболатынамалды

айтыңызшы! Одан өзге қояр сауалым жоқ, - деді. Ғаламның мақтанышы

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Жарайсың! Шынымен-ақ үлкен нәрсе сұрадың! Бірақ Аллаһ

жеңілдік танытқан кісіге, бұл іс оңай, - деді. Бұл сөзін Пайғамбарымыз

(с.а.у.) үш мәрте қайталады. Артынша: – Аллаһқа және ақырет күніне

иман келтіресің! Намазыңды оқып, тек Аллаһқа құлшылық етесің!

Кеудеңнен ақтық демің шыққанша оған серік қоспайсың (осыларды

жүзеге асырсаң жәннатқа кіресің), - деді. Мұғаз (р.а.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Қайталап айтасыз ба? - деп өтініш білдірді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сөзін үш мәрте қайталады

(Ахмет V, 245-246)

.