(
415
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) білімділігін және өзін өзгелерден артықпын
деп көрсету ниетімен, көптеген кісі түсіне бермейтін алуан түрлі сөздер
қолдану, Хақ Тағаланың азабын тартуға себепші болатындығын айтып
өткен.
240
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өсиеттерінің бірінде:
«Ей, ибн Аббас! Адамдар
ұғынбайтын сөз сөйлеме. Өйткені, бұлай істесең, олардың бүлікке түсуіне
себеп болады»
, - дейді
(Дайлами V, 359)
.
Екі кісінің қастарындағы үшінші кісіден жасырып сыбырласулары
дұрыс әрекет деп бағаланбаған. Өйткені мұндай әрекет кісінің көңілін
қалдырады.
241
Шариғатта киім кию үлгісінде, іс-әрекетте, сөз сөйлеуде еркектердің
әйелдерге, ал әйелдердің еркектерге ұқсауына тыйым салынған.
Сондықтан кез келген мұсылман баласы мұны ұмытпағаны жөн. Осы
мәселе әсіресе қазіргі таңда өршіп тұр. Бұл теріс қылықтар, қоғамдағы
діни түсініктің әлсіреуінен туып отыр.
Әйелдер еркектермен сөйлескенде, назданып, тартымды кейіпте
сөйлесуден аулақ болулары қажет. Өйткені ойы жаман кісі, дәмеленіп
азғындыққа түсуі әбден мүмкін.
242
Ерлі-зайыптылар
арасында
жыныстық
қатынасқа
қатысты
мәселелерде де астарлы мағынадағы әдіс қолдануы қажет. Бұл
мәселелерге қатысты қандай да бір сауалға, сауал қойған кісіні арала-
стырмай жауап беру керек. Мысалы, «ар ларыңнан кез келген біреу,
кімде-кім» іспетті сөздерді қолдану жөн болады. Насихат айтатын кісі
де, бір кісіге ғана қадалып қалмай Пайғамбарымыз (с.а.у.) секілді жалпы
көпшілікке арнап, насихатын айтуы ләзім.
Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.у.) сөз және іс-әрекетте шектен
асқандардың құрып кеткендіктерін тілге тиек етеді.
243
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құптан намазынан бұрын ұйықтауды және
құптан намазынан кейін сөйлесуді дұрыс көрмейтін.
244
Өйткені адам
денесінің демалуға мұқтаждығы бар. Әрі демалу уақыты кешіктірілсе,
сәресідегі рухани берекеден құр қалып қою ықтималы бар. Ал ақиқатына
жүгінсек Хақ Тағала былай дейді:
«
(Олар, яғни тақуалар)
сәресі уақытында истиғфар етеді»
(Зарият
сүресі, 18-аят)
.
240. Әбу Дәуіт, Әдеп 86/5005.
241. Бұхари, Истиғзан 47.
242. Ахзаб сүресі, 32-аят.
243. Мүслим, Ілім 7; Әбу Дәуіт, Сүннет 5.
244. Бұхари, мәуақит 23; Мүслим, Мәсажид 236.