Previous Page  417 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 417 / 462 Next Page
Page Background

(

417

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Бізді мәңгі бақыт жолына бастайтын теңдессіз тұлға Хазірет

Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) аса зәру және сауабы мол мәселелерде

ғана тіс жаратын. Сөйлейтін сөзі мұсылмандарға пайдасы тиетін болса,

олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын күшейтуге қолдау көрсетсе,

араларында суықтық яки бөлінушіліктің тууына кедергі танытатын бол-

са ғана жақ ашатын. Айтатын сөзінің зікір халінде болуына күш салатын.

Дауыс көтеріп сөйлемейтін. Қысқа әрі нұсқа сөйлейтін. Сөзді керексіз

жерде ұзатпайтын.

Жұма және айт намаздарының хұтпаларын шектеулі мөлшерде бо-

луына үлкен мән беретін. Хұтпаны ұзатпайтын. Сонымен қатар ел

түсінбейтіндей қысқартпайтын. Сол себепті оны тыңдағандар әрдайым

көздеріне ұйқы тығылмай қырағы отыратын. Сахабалар оның сөздерін

тырп етсе бастарының үстінде отырған құс ұшып кете ме дегендей күйде

ден қойып тыңдайтын. Сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мубарак

аузынан шыққан әрбір насихатты шын пейілімен тыңдап, түйсінетін.

Тіпті жаттап алып, бір-біріне қайталап айтып жүретін.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) аз сөзбен көп мағынаны меңзеу әдісін артық

көретін. Бірақ мұны іске асырғанда, міндетті түрде адамдардың түсіну

деңгейін де ешқашан ұмытпайтын. Түсінілуі қиын мәселелер жайлы сөз

қозғамайтын. Оның насихатын, сөзін тыңдаған кез келген жан өз үлесін

алатын.

Сөйлеген сөзі көңілге ұнамды, анық, балдай тәтті болатын. Әрбір

сөзінде кемшілік немесе артықшылық байқалмайтын. Сөздерді жеке-

жеке айтып шығатын. Кез келген қолданған сөйлемін барлығы ұғатын.

Әнәстің (р.а.) риуаят еткеніне сүйенсек, Пайғамбарымыз (с.а.у.)

сөйлегенсөзініңтүсінікті болуыүшінайтқансөзінүшмәртеқайталайтын.

Бір топ кісінің қасына барып, сәлемдесетін болса, сәлемін үш мәрте

қайталайтын

(Бұхари, Білім 30, Истизан 13)

.

Хазірет Айша (р.а.): «Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сөйлеген сөзі кез келген

жан ұғынатындай анық әрі тура болатын», - дейді

(Әбу Дәуіт, Әдеп 18/4839)

.

Басқа хадис-шәріпте Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сен-

дер секілді тез сөйлеп, сөздерді бірінің үстіне бірін мінгізбейтін», - дейді

(Бұхари, Мәнақиб 23)

.

Адамдарды жақсылыққа шақырғанда, оларды исламға дағуат еткенде

әсерлі насихаттар айту, хикмет толы сөздер қолдану, ғибратты мысалдар

келтіру Пайғамбарымыздың сүйікті әдісі болатын. Ол барша адамзат

баласын баурап алған кең рақымдылығымен жақсылық, игілік, һидаят,

адамшылықтың мәртебесі үшін нөсерлеп жауған жауын тәрізді еді. Осы-