Previous Page  420 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 420 / 462 Next Page
Page Background

(

420

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазірет Иса (а.с.) жолда келе жатып бір доңызды көріп оған:

«Амандықпен жолдан шық», - дейді. Маңайындағылар: «Бұл сөзіңді

мына доңыз үшін айттың ба?» - деп сұрайды.

Ол (доңыз деген сөзді айтудан сақтанатындығын білдіру үшін): «Мен

тілімді жаман нәрсе айтып дағдыландырудан қорқамын», - деп жауап

берді

(Муатта, Кәлам 4)

.

***

Бір күні Хазірет Омар (р.а.) Хазірет Әбубәкірдің тілінің ұшынан

ұстап, тартып жатқандығын көреді. Аң-таң болып:

– Не істеп жатырсың? Аллаһ Елшісінің халифасы! - деп сұрады.

Әбубәкір (р.а.):

– Мені осы күйге мына тілім түсірді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Денедегі

кез келген мүше тілдің керексіз және былапыт сөйлеуін Аллаһқа айтып

шағымданады»

, - деп айтқан еді, - деп жауап берді

(Хайсами X, 302)

.

Әбубәкірдің (р.а.) бойындағы Аллаһтан қорқу сезімі, аузынан шығып

кеткен болмашы сөздің себебінен оны осындай күйге түсіретін.

***

Құбас ибн Ұшайым (р.а.) әңгіме үстінде: «Мен және Пайғамбарымыз

(с.а.у.) піл жылында дүниеге келдік», - деді.

Осман ибн Аффан (р.а.) оған қарап: «Сен үлкенсің бе? Жоқ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сенен үлкен бе?» - деп сұрады.

Қадірлі сахаба: «Пайғамбар (с.а.у.) менен өте көп әрі сипаттауға тіл

жетпейтін дәрежеде үлкен. Ал туған күнімізде мен одан ескілеумін», -

деп әдептілік танытты

(Тирмизи, Мәнақиб 2/3619)

.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Біреу, уаллаһи Аллаһ пәленшені кешірмейді», - деп кесіп ай-

тып салды. Аллаһ Тағала оның айтқанын естіп: «Пәленшеге кешірім

жасамайтындығыма ант ішіп жүрген кім? Мен оған кешірім жасадым.

Ал сенің амалыңды жойдым», - деді

(Мүслим, Бирр 137)

.

Діни мәселелерде, әсіресе Хақ Тағала қатысты мәселелерде сөз айтуға

өте сақ болу қажет. Шектен шығатын сөздерден барынша аулақ болу ке-

рек.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп әңгімелейді:

«Яһудилердің арасында жүріс-тұрысы бір-біріне ұқсамайтын екі кісі

өмір сүреді. Біреуі күнәһар, ал екіншісі көп құлшылық ететін кісі бола-