(
418
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
лайша адамдардың өліп қалған ішкі жан дүниесінің қайта көктеуіне аян-
бай тер төгетін.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі дүниеге әкелген
қағидаларды аса анық дәлелдермен айғақтап отырған. Оларға қысқа әрі
нұсқа дана сөздерді қолданып, түсінік беретін. Сұрақ сұралғанда, беретін
жауабы анық болатын. Егер онымен біреу тартысқа түссе, қолданған
айғақтары түсінікті және ақылға қонымды болушы еді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әзілдесетін. Алайда оның әзілінде шектен
шығушылық немесе ақиқаттан тыс болушылық байқалмайтын. Біреумен
сөйлесетін кезде, бар денесімен бұрылып сөйлесетін.
Ұзын сөздің қысқасы, ол қысқа әрі нұсқа, мағыналы сөз сөйлейтін
шешен болатын. Сөйлеген сөздерінде даналық көзге түсетін. Сонымен
қатар ол өз пікірін, ойын мүлтіксіз тура жеткізетін.
***
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) түйесінің үстінде келе жатқан еді. Ал
сахабалары оның алдына түсіп кеткен болатын. Мұғаз ибн Жәбал (р.а.)
Аллаһ Елшісіне қарап:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мазаңды алмасам, жаныңа жақындауыма
рұқсат бер, - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Жарайды, жақында! - деді. Мұғаз оған жақындап, бірге жүріп от-
ырды. Бір кезде Мұғаз (р.а.):
–Уа,АллаһтыңЕлшісі!Жанымжолыңақұрбанболсын!ХақТағаладан
біздің жанымызды сенен бұрын алсын деп тілеймін. Құдай бетін аулақ
етсін, бірақ сен бізден бұрын көз жұмсаң, қандай құлшылықтаржасайық?
- деп сауал қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның сауалына жауап бермеді. Мұғаз (р.а.)
шыдай алмай:
– Аллаһ жолында күресейік пе? - деп сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
– Аллаһ жолында күресу ғажап іс. Бірақ адамдарға одан да қайырлы
іс бар, - деді. Мұғаз (р.а.):
– Яғни, ораза ұстап, намаз оқу ма? - деп сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
– Адамдарға мұнан ізгі іс бар, - деп жауап берді. Мұғаз (р.а.):
–Әке-шешемжолыңа құрбан болсын! Адамдарға мұнан артық қандай
ізгі іс бар? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) аузын нұсқап:
– Игі нәрсе айтпаса, жақ ашпау, - деп жауап берді. Мұғаз (р.а.):