Previous Page  414 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 414 / 462 Next Page
Page Background

(

414

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жақ ашпастан отыру оған тиімді болады.

Құлдарының бойынан қарапайымдылықты көргісі келетін Аллаһ

Тағала дауыс көтеріп сөйлеуді дұрыс көрмейді. Бұл жайлы Құран

Кәрімде:

«

(Уа, Мұхаммед!)

Даусыңды бәсеңдет! Шүбәсіз дауыстардың

ең жаманы, есектің дауысы

(болып табылады)

»

- деп айтылған

(Лұқман

сүресі, 19-аят)

.

АллаһЕлшісі (с.а.у.) айтыларсөздіңарасындажаман, ұятсыз сөздердің

болмауын қалайтын. Мағынасы соған жақын сөздердің арасынан, әдепке

сай келетінін қолдануын насихат ететін.

Кез келген жанның бойында шындықты айта алатын өткірлігі болуы

қажет. Ал жалған сөзден барынша аулақ болуы керек. Хақ Тағала Құран

Кәрімде:

«Уа, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар! Әрі дұрыс сөз

сөйлеңдер! Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды кешіреді»

, - дейді

(Ахзаб сүресі, 70-71 аяттар)

.

Жалған сөз сөйлеу, ғайбаттау, балағаттау, келеке ету тіл арқылы іске

асатын күнәлар екендігі хақ. Сонымен қатар болмашы бір нәрсеге бола

тартысып, бауырының көңілін қалдыру да бұған жатады. Ал аталмыш

жағымсыз қылықтарды тәркетіп, ешбір жанның көңілін қалдырмау

ақыретте аман-есенпейішке кіруге себепболады. Кісі өзі жақсыбілмейтін

мәселеде, сөз қозғамауы ләзім. Білетін кісі болса, соның дегеніне құлақ

асып мәлімет алуды артық көруі қажет. Өйткені көз, құлақ, жүрек

бұлардың барлығы істеген істері үшін есепке тартылады.

236

Әрі кісіні

тозақтық ететін тіл екендігін ұмытпайық ағайын.

237

Мұсылман ешкімнің сөзін бөліп, көңілін қалдырмауы қажет. Аллаһ

Елшісінен (с.а.у.): «Ең жақсы жан кім?» - деп сұралған еді. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.):

«Тілі мен қолынан (өзге) мұсылмандар аман болған кісі»

, - деп жау-

ап берген болатын

(Бұхари, Иман 4-5)

.

Мұсылман, артынан кешірім сұрайтын сөзді айтпауы ләзім.

238

Әрдайым жақсы сөз сөйлеуге күш салуы тиіс. Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«

(Уа, Мұхаммед!)

Құлдарыма ең көркем сөзді қолдансын деп айт!»

-

дейді

(Исра сүресі, 53-аят)

. Өйткені жақсы сөз садақаның орнын басады. Кісі

сөз арқылы пейіштік болуға қол жеткізуі әбден мүмкін.

239

Сөзді, уақыты жеткенде және лайықты жерде айту қажет. Сөз иесін

таппайтын болса, айтудың қажеттілігі жоқ. Бұл жайлы Хазірет Әбубәкір

(р.а.): «Не айтатыныңды, кімге айтатыныңды, қашан айтатыныңды

алдын-ала ойлап ал», - дейді.

236. Исра сүресі, 36-аят.

237. Тирмизи, Иман 8/2616.

238. Ибн Мәжә, Зүһд 15.

239. Мүслим, Зекет 68.