Previous Page  411 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 411 / 462 Next Page
Page Background

(

411

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тып, әдепсіздікке ден қойса, соңы жақсы болмайды. Қайғы мен өкініштің

көлінде жүзеді. Ғарыш, әдептілігінің арқасында нұрға бөленді. Періште

әдептілігінің саясында күнәсіз, пәк болды. Ал Ібілістің Хақ Тағаланың

мейірімінен қуылуы, әдепсіздік танытуынан туындады».

«Егер шайтанның көзін құртуды қаласаң, көзіңді аш. Шайтанның

түбіне жететін әдеп. (Мұны есіңнен шығарма) Адам баласының бойын-

да әдеп болмаса, ол адам емес. Өйткені адам мен хайуанды бір-бірінен

айыратын нәрсе әдеп болып табылады».

Сондықтан кез келген мұсылманның әрбір сөзі, іс-әрекеті ислам

діні сыйға тартқан әдеп қағидаларына сай болуы қажет. Оның бойы-

нан имандылықтан туатын биязылық, сыпайылық байқалуы керек. Хақ

Тағалаға сонымен қоса кез келген жанға әрдайым әдепке сай мәміле

жасауы ләзім. Тіліне, көзіне, құлағына, жүрегіне ие болып, барша ағза

мүшесіне әдептіліктің шегінен шықпауды үйреткені дұрыс. Сонымен

қатар әрдайым Аллаһ Тағаланың бақылауында болатынын жадынан

шығармауы тиіс.

Осылардың ішінде мұсылмандар үшін маңыздылығы ерекше нәрсе

«тілге ие болу» екендігі хақ. Яғни, қашан, қаншалықты, қай жерде

және қалай сөйлеу керектігін біліп жүрулері қажет-ақ. Сол жайлы сөз

қозғайық.

а) Сөйлесу әдебі

Ойлану және сөйлеу, адамды өзге жандылардан айырып тұратын

ерекшелік. Бір кісінің сөйлеуі оның ақыл деңгейін, ойлану қабілетін

көрсетіп тұратын айна секілді. Яғни, адамды адам ететін қызыл тіл.

Оның бақыты да пәлекеті де алдымен тіліне байланысты. Сондықтан кез

келген жан сөйлегенде өте сақ болуы қажет. Қателік жасамауға күш са-

луы тиіс.

Сөз сөйлегенде ең үлкен құрмет Аллаһ Тағалаға және Оның Елшісіне

жасалуы керек. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) разы болмайтын халге түсу,

мүминдер үшін үлкен қауіп болуы әбден мүмкін.

Хақ Тағала мүминдерге:

«Уа, иман келтіргендер! Аллаһтан әрі оның

елшісінен ілгері кетпеңдер!

(Сонымен қатар)

Аллаһтан қорқыңдар!

Шүбәсіз Аллаһ

(барша нәрсені)

естиді, біледі. Уа, иман келтіргендер!

Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысынан асырмаңдар! Өзара бір-

біріңе дауыстағандай, Пайғамбарға дабырлап сөйлемеңдер!

(Әйтпесе)

амалдарыңның босқа жойылып кеткендігін аңғармай қаласыздар!»

(Хұжурат сүресі, 1-2 аяттар)

, - деп ескерту жасайды.

Яғни, мүмин әрдайым өз шегін біліп, Аллаһтың және Оның