Previous Page  413 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 413 / 462 Next Page
Page Background

(

413

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

нашар пенде болмауға күш салуы қажет. Бұл жайлы ұлық әулиелер

шәкірттерін: «Жыланның улы тілімен сөйлеуден аулақ бол», - деп

сақтандырып отырған. Өйткені таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді. Әрі оның

салған жарасы жазылмайды. Ал ақиқатына жүгінсек жылы сөзді болу

үлкен нығмет. Жылы сөз иесін өзгелерге сүйдіреді. Істерінің жылдам іске

асуына септігін тигізеді. Мұны халық: «Жылы-жылы сөйлесең жылан

інінен шығады»,-деп нақыл еткен. Сондықтан сөз бастаудан алдын, ау-

ыздан шығатын сөздерге үлкен мән беруіміз ләзім. Өйткені мақсатымыз,

жүректерді улы қанжарлармен жаралау емес жылы сөзбен баурап алу бо-

лып табылады. Мұнан кейін іс-әрекетіміз, қарым-қатынасымыз сөзімізді

құптауы керек. Әрбір қылығымызбен қоршаған ортамызға гүлдей шуақ

шашуымыз қажет.

Сонымен қатар кісінің аузынан шыққан әрбір сөзінен жауапқа

тартылатындығын жадымыздан шығармайық.

Құран Кәрімде:

«Кісі

(жақсы болсын, жаман болсын)

қандай бір сөз

сөйлесе, оны жазуға әзір періште бар»

деп айтылған (Қаф сүресі, 18-

аят). Сондықтан сөз бастаудан алдын, қолданатын сөздерге көз жүгіртіп

шығу қажет. Қолданатын сөздерді жақсылап таразылағаннан кейін ғана

айту керек.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Құл,(алдын-ала таразылап) ойланбастан бір

сөзді қойып қалуы мүмкін. Ол сол сөздің кесірінен тозақтың, шығыс пен

батыстың аралығынан ұзақтау жеріне түсіп кетеді»

, - дейді

(Бұхари,

Риқақ 23)

.

Мұның маңыздылығын білдіру үшін ұлық жандар «Басқа пәле

тілден», - деген.

Шынымен-ақ біреудің кәпір яки мұсылман екендігін бір-ақ сөзбен

шешеміз. Мұның өзі үлкен мағынаны білдіреді.

Мұсылман ісіп-кеуіп, сөз сөйлеуден аулақ болуы керек. Әрдайым

Аллаһ Тағалаға сыйынып сөз сөйлеуі қажет. Өйткені жаратылысы нәзік

адам баласы, айтқан нәрсесінің барлығын іске асыруға шамасы жетпеуі

мүмкін. Сондықтан келешекте жүзеге асатын істерге «Құдай қаласа» деп

айтуды жадынан шығармауы тиіс.

234

Сонымен қатар, ол ешқашан «мұндай қателік жасамаймын» деп айт-

пауы ләзім. Мұндай әрекет шайтанның өшпенділігін арттыра түседі. Ол

осы сөзді, яғни «мұндай қателік жасамаймын» деп айтқан кісіге мініп

алып, сол істі істетпей қоймайды.

235

Сондықтан айтылар сөздің соңын

ойлау керек. Тіпті кей шақтарда қажеттілік туып жатса, ләм-мим деп

234. Кәһф сүресі, 23-24 аяттар.

235. Суюти, әл-Жамиғус-Сағир І, 110.