(
410
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Маған қарап: «Хақ Тағаланың алдында әдепті болу абзал», - деп жау-
ап берді.
***
Сұлтан I Ахмет хан, өзінің мешітін алты мұнаралы етіп салғанда
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) құрметіне Пайғамбар мешітіне тағы бір мұнара
қосқан болатын
(Илбер, Ортайлы, Османлыйы иениден кешфетмек 150 бет)
.
***
Ата-бабамыз әдеп, абырой және намыс мәселелерінде күллі әлем
қайран қалатын ерекше көркем ахлақты жер-жаһанға паш еткен бола-
тын. Бұл ақиқатты өз дінін қатты ұстанған протестант епископ Саламон
Шуайгер саяхатнамасында мұсылмандарды таныстырғанда былай деп
жеткізеді:
«Бұлар тіпті моншада үстіне орамал жауып жүреді. Нендей әдепті
адамдар. Бұл әдеп пен намысты мына варварлардан үйренуіміз қажет»
(Илбер, Ортайлы, Османлыйы иениден кешфетмек 88 бет)
.
***
Қысқасы, әдеп Исламның адамдарға тәлім еткен ең маңызды
ұстанымдарының бірі болып табылады. Алтын мен күмістің құны
жоғалуы мүмкін, ал әдептің құны ешқашан жоғалмайды. Сондықтан
мұсылмандар мұсылманшылықтың әдеп қағидаларын үйренулері қажет.
Оларды сөз жүзінде қалдырмай, іс-әрекетімен өрнектеулері ләзім. Соны-
мен қатар әдеп қағидаларын бойларына сіңіргеннен кейін, өзге жандарға
үлгі болулары керек.
Әдепті тәркету, адамды хайуаннан бетер етеді. Онымен шектеліп
қалмай адамды мәңгілік бақытсыздыққа бастайтын ғапылдық болып та-
былады.Өйткені әдепсіздіктүбіжоққұдықсекілді, түбінежете алмайсың.
Әдепсіз кісі күннен-күнге оның тереңіне бата береді. Кісі өз нәпсісінің
дегеніне көнсе, ертеңіне оның басқа бір қалауына ереді. Осылайша кісі
нәпсісінің соңынан ере беретін болса, һәм материалдық һәм рухани
тұрғыдан залал көреді. Әдепсіздіктің жайылуын тілеген адамдардың
зияны өздерімен шектеліп қалмай қоғамның да бұзылуына септіктерін
тигізіп, үлкен күнәнің астында қалады. Ал Аллаһтың құзырында көретін
азаптары одан да бетер.
Хазірет Мәулана былай дейді:
«Хақ Тағаладан әдепті болуды нәсіп етуін тілейік. Өйткені әдепсіз
кісі, Аллаһтың игілігінен мақұрым қалады. Әдепсіздің зияны, өзімен
ғана шектеліп қалмай, барша жерді өртейді.
Досына опасыздық жасаған, басқа жанға да опасыздық жасайды.
Мұндай жан қорқақ болып табылады. Кімде-кім әдептіліктен бас тар-